Сенбі, 11 Қазан 2025
3031 0 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 14:29

Мұрат Жүребеков ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын (іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА), Strathclyde университетін (экономика және басқару магистрі), "Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама" мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін тәмамдаған.

Түрлі жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ, Лондон қаласындағы "Аджип ККО", "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "PSA" ЖШС қызмет еткен.  2017-2019 жылдары - "PSA" ЖШС бас директоры (Мұнай-газ жобалары бойынша ҚР Үкіметінің өкілетті органы).

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 818
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9886