Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3214 0 пікір 5 Шілде, 2011 сағат 03:34

Қуандық Шамахайұлы. Көмусіз қалған бейбақ

(сықақ әңгіме)

Қыза-қыза шабатын қазанаттай олардың жиналыстары барған сайын ду-шуы көбейе түсті. Арагідік айтылған өткір сын қышыған жеріңді қасып өткендей айызыңды қандырады. «Сын» деп отырғанымыз жай өмірдегі шынайы шындық қой. Алайда, сол шындықты естіген сайын бастықтың өңі ашық көзді плитканың спиралындай қызарып, екі көзі өзі мінетін еңселі «Джиптың» қос шамындай ақшырайып кетеді. Тек мекемедегі «өз адамдары», яғни жандайшаптар мен қолшоқпарлар шығып, жарамсақтанғанда ғана бәсекеңнің көңілі жайланып, өңі кіре қалады.

Жиырма жыл бойы осы мекеменің отымен кіріп, күлімен шығып келе жатқан Жәнібек үшін бәрі белгілі. Жақсысын да, жаманын да бір кісідей біледі. Сондықтан үнсіз қалуды жөн көрмей, әлденеше рет сөйлемекке ұмтылды. Бірақ, орнынан тұрмады. Өзі қаншалықты тырысқанымен, оны ішіндегі адамы қозғалтпады.

Негізінен, ол сырттай қарағанда бір-ақ адам. Ал, шынтуайтында ішінде тағы бір кісі бар. Оны өзінен басқа ешкім білмейді, тіпті сезген де емес. Жасы қырыққа келсе де, бала күнінде ішіне еніп алған сол пәледен ол құтыла алмай-ақ қойды. Ішінде ешкім жоқ кезінде ол көзбен көргенін дәл қалпында айтушы еді. Өтірік айтуды, жалған сөйлеуді, алдап-арбауды білмеген сол балалық шақ қандай бақытты сәт еді...

Мектепке баратын жылы ғой, есік алдында алаңсыз ойнап жүрген еді. Кенеттен бір көзге көрінбейтін, бірақ бар екендігі білінетін бір бала келіп оның ішіне кірді де кетті. Ол айтты: «Сен мені қума! Мені ешкім көрмейді де, білмейді. Мына жалған дүниедегі барлық пәледен мен сені қорғайтын боламын».

Сол сәттен дүние өзгеріп сала берді. Біреу бірдеме сұраса, әлгі іштегі бала нұсқау беріп отыратын болды. Дәл соның айтқанын қайталаса, бәрі дұрыс болып шығады. Егер оған көнбей шындықты айтса, шатақ шығады.

Бір күні Жәнібек класта балалармен бірге ойнап жүріп терезенің әйнегін сындырып алады. Мұғалім келіп бәрін тергеуге алды. Ішіндегі бала Жәнібекке: «жел соғып, ашық тұрған терезені сындырып кетті деп айт!» деген нұсқау берді. Жәнібек оған көнбей:

- Ойнап жүріп, байқамай, мен...-деп қалып еді, сол-ақ екен, мұғалімнің жуан жұдырығы оның құлақ шекесіне сарт етіп тиді. Онымен қоймай сабақ тарағанша бұрышта тұрды.

Осы оқиға оған үлкен сабақ болды. Ішіндегі баланың айтқанын бұлжытпай орындайтын көнбіс жанға айналып шыға келді. Мұғалімдерін, әке-шешесін, жалпы айналасындағылардың бәрін алдап соғып, қатырып кетеді. Өстіп жүріп мектеп бітірді, институтқа түсті. Оқу бітірген соң бір мекемеге белді қызметкер болып жұмысқа орналасты, үйленді. Көп сырларды әйелінен жасыруды ішкі адам ерекше әмір етеді және оны өзі қатаң бақылайды. Сондай-ақ, бастығымен сөйлескен кезде де әр сөзді ішкі адам үйретіп отырады. Осылайша ол ойы басқаша, сөзі өзгеше адам болып жүріп жатты. Бәрін алдап соққан сайын сырты бедірейіп, түк сездірмесе де, іштей езіліп жүрегі елжірейтін кездері де болып тұрады. Әсіресе, арақ ішіп алып, мас болған кезінде ішіндегі адамға бағынбай кетеді. Іштегі ойын бастығына бетің-жүзің демей айтып салғысы келіп, көп жылдар бойы іште сақтаған құпия сырларын әйеліне ашпақ болып арпалысқа түседі.

Жоғарыда сөз болған жиналыста да өз пікірін ашық айтып, ортаға салғысы келді. Бірақ, амал не? Іштегі адам оны тырп еткізбей қойды. Екеуі жатып келіп ұрсысты. Жәнібектің төзімі таусылып:

-Сен өмір бойы мені жалған сөйлетіп, көлгірсітіп келесің! Сенің бұл әрекетің маған зиянсыз болғанымен, қоғамға, тәуелсіз елімізге залалын тигізетін түрі бар. Сондықтан енді сенің керегің жоқ, қазір шық! - деп оны кеудесінен қуып жіберді.

-Жарайды, менсіз қалай күн көретініңе көзің жеткен соң білерсің! - деді де ол із-түзсіз қарасын батырды.

Ішінен соқталдай бір адамды шығарып жіберу қандай рахат! Жәнібек жеңілдеп қалғандай болды. Жұмысына бара салып бастығына кірді. Ойындағысын түгел ақтарып салды. Әріптестеріне де жан сырын жасырмай ашты. Бар-жоғы екі сағаттың ішінде жиырма жыл еңбек еткен төл мекемесінен қуылып, жұмыссыз қалды. Үйіне келіп он бес жыл отасқан жан жарына шерін тарқатты.

-Саған басындырып, опасыздығыңа көніп отыра алмаймын! - деп әйелі ойбайға басты да, төркініне аттанып кетті.

...Байғұс Жәнібек үшін барар жер, басар тау қалмады. Аузын ашса болды, бәрі жаппай оны ит қосып қуып маңына бастырмайды. Қатты ауырып қалды. Көңілін сұраған тірі жан болмады. Иен үйде жалғыз өзі жатып, мәңгілікке көз жұмды. Ақыры оның мүрдесі де көмусіз қалды...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357