Қызылордалық «Қайсар-КАМ-ҚМУ» Азия чемпионатын жеңіп алды
Алматы қаласында гандболдан əйелдер арасында өткен 4-ші клубтық Азия чемпионатында сырбойылық арулардан құралған "Қайсар-КАМ-ҚМУ" командасы жеңіс тұғырынан көрінді,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Додада Солтүстік Корея, Өзбекстан, Алматының "Алматы" гандбол клубы жəне "Қайсар-КАМ-ҚМУ" командалары бақ сынған.
Тәжірибелі қызылордалық арулар 12 ұпай жинап, екінші мəрте клубтар лигасының Азия чемпионы атанды.
Команданың бас бапкер – Ким Вячеслав. Оның айтуынша, команда 3 рет клубтық Азия чемпионатына қатысып, оның екеуінде жеңіске жетсе, біреуінде күміс жүлдені иеленді.
Алдағы уақытта жергілікті клуб 1-4 тамыз аралығында Уси қаласында (Қытай) өтетін клубтар лигасы арасындағы Əлем чемпионатына қатыспақ
Abai.kz