Сенбі, 23 Қараша 2024
2731 6 пікір 9 Шілде, 2019 сағат 10:03

Қырғызстан ІІМ Алмазбек Атамбаевты тергеуге шақырды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты 8 шілдеде елдің ішкі істер министрлігі тергеуге шақырған.

Аталған мекеменің баспасөз қызметінің өкілі Карим Аманкулов хабарлағандай, ол куәгер ретінде шақырылған.

Милиция қызметкерлері шақыру қағазын Алмазбек Атамбаев тұратын Кой-Таш ауылындағы үйіне әкеліп берген. Құжатта "ІІМ тергеу қызметі 9 шілдеде, таңғы сағат 9-да сұрау алуға шақырылады" делінген.

Алайда бұрынғы мемлекет басшысы тергеуге бармайтынын, себебі заңсыздық әрекетке барып отырған қазіргі билікке сенбейтінін мәлімдеді. Ол өзіне қойылатын барлық сұрақтарды заңгері Сергей Слесаревқа жіберуін ұсынды.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі 2019 жылдың басында қылмыс әлемінің беделдісі Азиз Батукаевты заңсыз түрмеден босату ісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. ​

Жогорку Кеңеш 27 маусымда Алмазбек Атамбаевтың экс-президент және қол сұғылмаушылық иммунитетін алып тастады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434