Жексенбі, 4 Қазан 2026
3845 0 пікір 9 Шілде, 2019 сағат 11:30

Қызылордалық спортшы қыз чемпион атанды

Сырбойылық спортшы Әсемгүл Ердәулет Хорватияның Умаг қаласында өткен каратэ-додан әлем кубогында чемпион атанды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Әсемгүл 14-15 жас аралығында жасөспірімдер арасында 47 келі салмақта сынға түскен. Ол чемпионатта барлығы алты кездесу өткізген.

Қызылордалық спортшы алдымен Латвиядан келген қарсыласын қапы қалдырса, одан италиялық, словакиялық, кипрлік спортшылардан басым түсті. Ал жартылай финалда румындық спортшыны жарыс жолынан тайдырды. Финалдық бәсекеде Иорданиядан келген спортшы жерлесімізге қарсы тұра алған жоқ. Алда Әсемгүл әлем чемпионатына қатысады. Аталмыш дода биыл қазан айында Чилиде өткізіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 626
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 887