Ұйымның 9 шілдеде жасаған мәлімдемесінде «9 маусымда президент сайлауы күні дауыс беруді әділ емес деп сынаған мыңдаған адам биліктің нысанасына айналды» деп жазылған.
«9 маусымда Қазақстандағы бейбіт митингіге шыққандар полиция тарапынан қысымға тап келді. Полиция мыңдаған адамды қамап, бірнеше журналисті ұстады» деген PEN International атқарушы директоры Карльз Тонер мәлімдемеде.
Тонер «Қазақстан билігінің бейбіт митингіге келгендерді жаппай ұстауы – адамдардың бостандығы мен адам құқығын құрметтемеу, билікті ұстап қалғысы келетіндердің оппозиция үнін күшпен басу» деп санайды.
PEN International — 1921 жылы құрылған жазушылардың халықаралық қауымдастығы. Адамдардың ой еркіндігін қорғау – ұйым миссиясының бірі.
Наразылық шарасында полицияның адамдарды күштеп ұстауын БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңсесі, Human Rights Watch және ЕҚЫҰ да сынаған.
Abai.kz