Сенбі, 30 Қараша 2024
46 - сөз 5517 4 пікір 10 Шілде, 2019 сағат 14:25

Қазақстан мұнайы туралы

Қазақстаннан экспортталған мұнай мен өзге де ресурстар оффшорлы зона арқылы сатылғанын білесіз бе?

Көптен бері Геннадий Бендицкиймен достасып жүрмін. Оның 2002 жылы Время газетінде жарық көрген бір мақаласында «үлкен экспорттық махенация» жайлы жазады.

Бендицкий 1999-2000 жылдары Қазақстанның экспорттан түскен табысын зерттейді. Белгілі болғандай, статистика агенттігі жариялаған сандар мен Қазақстанның АҚШ, Қытай, Ресей және Түркия елдеріндегі елшіліктерінің берген мәліметі әртүрлі болып шығады. Бендицкий ресми жарияланған мәліметтің елшіліктер берген ақпараттар екі есе аз болғанын анықтаған. Мысалы, ресми мәлімет бойынша, 1999 жылы Қазақстан экспорттан $1,154 миллиард, ал 2000 жылы $1,972 миллиард кіріс көрсе, Қазақстанның шетелдегі сенімді өкілдері сәйкесінше $2,137 миллиард (1999 ж.) және $3,282 миллиард (2000 ж.) түскенін растаған. Табиғи байлық шет елдерге тікелей емей оффшор зоналары арқылы сатылып, шикізат бағасы трансферт механизмі негізінде анықталып, арзандатылған. Сол себепті де экспортталған шикізаттың толық көлемі шекарадан шығарда тіркелмеген. Ал баға айырымы белгілі бір кісілердің қалтасына кете берген.

Тіркелмей қалған 1,5 миллиард АҚШ доллары нені білдіреді? Біріншіден, экспорттан Қазақстан бюджетіне түсуі тиіс 450 миллион теңге салық ғайып болды. Сол кездегі теңгенің құнымен есептесек, салыққа келуі тиіс сома Қазақстандағы білім беру, денсаулық сақтау және қорғаныс қызметтеріне қажет бір жылдық қаржыға тең. Немесе бұл ақшамен бір жыл бойы Қазақстандағы зейнеткерлер, ардагерлер, мүгедектер мен көп балалы аналарға зейнетақы және жәрдемақы төлеп отыруға жетер еді.

Статистика комитеті тек экспорт сандарынан шатаспай, импортта да фиаскоға ұшыраған. Экспортта жақсы табысқа жеткен псевдо-шенеуніктер дамыған елдерден өндіріске қажет түрлі техникалық жабдықтарды қымбат бағада импорттаған. Шекара қызметіне сүйене отырып Статистика агенттігі берген мәлімет пен жабдықтарды экспорттаушы елдердің статистикасы бірдей болмай шығыпты. Айта кетсек, Статистика агенттігі 2000 жылы АҚШ-тан Қазақстанға импортталған тауардың құны 276 миллион АҚШ долларына тең болғанын мәлімдесе, АҚШ-тың Экономика және статистика басқармасы соманың 124 миллионнан аспағанын жариялаған. Қазақстан шекара қызметінің мәліметіне орай, сол жылы АҚШ-тан Қазақстанға $134 миллионға мұнай бұрғылау құрылғысы импортталған. Ал АҚШ басқармасы ондай техниканың экспортталмағанын мәлімдеген.

Осыған ұқсас жағдайлар Қазақстанның Қытай, Пәкістан және Үндістанмен жасайтын сауда байланысында да кездеседі. Біздің комитет үлкен кісілердің салық төлемеуі үшін импорт көлемін азайтып көрсеткенімен, бізге серіктес елдер ақпаратты теріске шығаратын мәліметтер жариялап отырған.

Мұндай ауқымды операциялардың көрінбей қалуы, осы айналымға қатысы бар адамдардың қаншалықты «авторитет», ақшасы көп әрі биліктегі негізгі рычагтарды ұстап тұрғанын білдірері анық. Ал, Премьер, экс-премьерден не спрос?!

Власть в доле. Геннадий Бендицкийдің «Беспредел» атты кітабынан

Жолдас Өрісбаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1608
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3440
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6838