Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, "өрт сөндірілген. Жалынды сөндіруге оннан астам техника мен 55 өрт сөндіруші, өртке қарсы пойыз бен Арыс стансасының қызметкерлері жұмылған. Өрт 2040 шаршы метр аумақты шарпыған".
Комитет өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов құрылыс жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі сақталмағанын, ссының салдарынан өрт шыққанын айтты.
Түркістан облыстық әкімдігінің дерегінше, өрттен зардап шеккендер жоқ.
24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймада өрт шығып, салдарынан оқ-дәрі жарылған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам (Арыс тұрғыны мен екі әскери) қаза тауып, 400-ден астам адам дәрігер көмегіне жүгінген еді. 40 мыңнан астам адам қаланы тастап кеткен. Тұрғындар қалаға 28 маусымда оралды.
Abai.kz