Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
3871 0 пікір 12 Шілде, 2019 сағат 16:05

Қазақстан және Қырғызстан үкімет басшылары Бішкекте кездеседі

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин 12 шілдеді ресми сапармен Бішкекке келді.

Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев пен қазақ үкімет басшысы Асқар Мамин қырғыз-қазақ үкіметаралық кеңесінің сегізінші отырысын өткізеді. Одан соң екі елдің үкімет басшылары бетпе-бет кездеседі.

Жүздесуде сауда-экономикалық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық әріптестік мәселелері талқыланады. Бұған қоса инвестиция, сауда, өнеркәсіп, туризм салалары сөз болады. Кездесу қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 418
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1535
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 391
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 368