Жұма, 4 Қазан 2024
2653 0 пікір 16 Шілде, 2019 сағат 09:33

Алматыдағы жарықтың сөну себебін анықтау үшін комиссия құрылды

Қазақстан энергетика министрлігі Алматы қаласындағы жарық сөну себебін анықтау үшін комиссия құрғанын хабарлады.

«Алатау жарық компаниясының» мәлімдеуінше, жарық сөнуінің нақты себебін, қанша үй мен ғимарат жарықсыз қалғанын анықтау үшін комиссияға он күндей уақыт керек.

15 шілде түскі сағат екіден кейін Алматының біраз бөлігі жарықсыз қалды. Қалада бағдаршамдар істен шығып, көшеде кептеліс болды. Метро да біраз уақытқа дейін жұмыс істемей тұрды. Әкімдік қалаға сағат 17.00-ге дейін жарық берілетінін мәлімдеген. Бірақ қаладағы кейбір аудандар кешкі жетіге дейін жарықсыз отырды.

Abai.kz

0 пікір