Тиль жексенбі күні Вашингтонда консерваторлар конференциясында сөз сөйледі. Ол — Facebook директорлар кеңесінің мүшесі және PayPal онлайн төлем жүйесінің негізін қалаушылардың бірі.
“Арнайы қызмет Google басшылығына үш сұрақ қоюы керек. Бірінші: компанияның жасанды интеллектпен айналысатын Нью-Йорктегі филиалына қанша шетел тыңшысы енген? Екінші сұрақ: Google топ-менеджменті компанияны қытай агенттері жайлағанын мойындай ма? Үшіншісі: Google компаниясы америкалық әскермен әріптестіктен бас тартып, қытай барлауына тәуелділікке ұшырағандықтан да Қытай әскерімен сатқындық келісімге келіскен бе?“ - деді миллиардер.
Google CNBC телеарнасының Питер Тиль мәлімдемесіне қатысты сауалдарына жауап бермеді.
Өткен жылы баспасөзде қытай нарығынан кеткен Google компаниясы оған қайта оралып, ҚХР жарамсыз деп таныған іздеу жүйесінің өзгертілген түрін ұсынғысы келетіні туралы мәлімет жарияланған. Dragonfly (“Дәуіт“) деп аталатын бұл жоба қоғамның ғана емес, компанияның көптеген қызметкерінің сынына ұшырады. Кейбір мәліметтер бойынша, жоба тоқтатылған.
Жақында Google жасанды интеллект бағдарламасын дайындау бойынша Пентагонмен келісімін созбайтындығы мәлім болды.
АҚШ пен Қытай соңғы уақытта қытайдың Huawei корпорациясының әрекетіне қатысты дауалып келеді. Құрама Штаттар америкалық компанияға онымен жұмыс істеуге тыйым салды. Дегенмен, жақында бұл тыйымның жұмсарғаны мәлім болды.
Abai.kz