Жұма, 4 Қазан 2024
2900 1 пікір 16 Шілде, 2019 сағат 10:42

Қазақстандық әнші «Славян базары-2019» фестивалінде топ жарды

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Әділхан Макин «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде Гран-приге ие болды.

Бұл туралы академия ректоры Асхат Маемиров Facebook  жеке парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, Әділхан Макин эстрада өнері факультетінің 4 курсында оқиды.

- Еліміздің көк байрағын желбіретіп, мерейімізді тасытқан өнер жеңісі құтты болсын! – деді Асхат Маемиров.

Осыдан дәл төрт жыл бұрын «Славян базары-2015» халықаралық фестивалінде Димаш Құдайберген тұңғыш рет Гран-приді жеңіп алса, 2017 жылы Ернар Садырбай бірінші жүлдеге ие болған еді.

Abai.kz

1 пікір