Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2289 0 пікір 17 Шілде, 2019 сағат 10:32

Мемлекет басшысы Анар Жайылғанованы қабылдады

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Агенттіктің қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Анар Жайылғанова «Президенттің кадрлық резервін» құру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа одан әрі көшіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талапты күшейтуге тиісті, Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4135