Жексенбі, 24 Қараша 2024
2388 2 пікір 17 Шілде, 2019 сағат 11:07

Францияның экология министрі қымбат ас ішкені үшін отставкаға кетті

Францияның экология министрі Франсуа Де Рюжи салық төлеушілердің ақшасын шашты деген айыптаулардан кейін отставкаға кетті.

Шенеунік қонақтарға ең қымбат француз шарабы мен теңіз шаянынан ас әзірлеп, көп ақша жұмсаған.

Де Рюжидің өзі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуге құқығым бар деп, ақталуға тырысқанымен, отставкаға кетті.

Жанжал туғызған оқиға экс-министр Францияның ұлттық кеңес төрағасы болып тұрған кезде орын алған. Арнайы зерттеу жүргізген Mediapart басылымының жазуынша, банкет Парижде болған. Оны саясаткердің әйелі, Gala гламур-басылымының журналисі ұйымдастырған-мыс.

Кешкі асқа тапсырыс берілген шараптың бір бөтелкесі 500 еуро тұрған. Қонақтарға сирек кездесетін әрі өте қымбат омар теңіз шаянынан ас әзірлеген. Бұл қоршаған ортаны қорғаушылардың ашу-ызасын туғызды.

Кейін белгілі болғандай, Франсуа де Рюжи қызмет пәтеріне 63 мың еуроға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ол ақшаны бюжет есебінен алған. Мұнан бөлек саясаткер Францияның батысындағы Нант қаласынан мемлекетке тиесілі пәтерді жеңілдікпен жалдаған.

Франсуа де Рюжи аталған мәліметтерді жариялаған Mediapart басылымын "ұрланған суреттерді пайдаланып, дақпыртқа негізделген жалған ақпарат берді" деп сотқа беретінін мәлімдеді.

Mediapart редакциясы болса, "саясаткерлердің табысы мен шығысын қоғам бақылап отыруы тиіс" деп мәлімдеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555