Жұма, 4 Қазан 2024
3593 1 пікір 18 Шілде, 2019 сағат 11:22

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа жол ашылды

Қазақстан және Өзбекстан үкімет басшылары Асқар Мамин мен Абдулла Арипов 17 шілдеде "Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы" автокөлік жолын ашты. Бұл жөнінде Қазақстан премьер-министрінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында айтылған.

Жаңадан ашылған автокөлік жолының қашықтығы - 84 шақырым.

«Бұл жол өзбек тауарларын Қазақстан жолдары мен теңіз порты арқылы Ресей және Кавказ елдеріне төте жолмен жеткізуді қамтамасыз етеді», – дейді Қазақстан үкімет басшысы Асқар Мамин.

Өзбекстан мен Қазақстан арасында былтыр сауда айналымы 3 млрд долларды құраған. Қазір жыл басынан бері бұл көрсеткіш 25 процентке өскен.

Abai.kz

1 пікір