Вашингтонның 116 ұшақты сатуға тыйым салатыны бұрын белгілі болған, бірақ Мемлекеттік департамент президенттің ресми мәлімдемесін күткен.
Пентагон F-35 ұшақтары Түркияға сатылса, Ресей С-400 радарының көмегімен жойғышқа орнатылған электроника туралы маңызды ақпаратты алып қояды деп қауіптенді.
Енді түрік кәсіпкерлері F-35 ұшағының жүздеген бөлшектерін өндіру лицензиясынан айрылады. Бұл өндіріс НАТО елдері арасындағы әскери-техникалық әріптестік аясында жолға қойылған еді. Түркия сол арқылы екі миллиард доллардан астам пайда тапқан. Дональд Трамп F-35 шығаратын “Локхид-Мартин“ корпорациясының басшылығын өтемақы ретінде қосымша келісім-шарт қабылданатынын ескерткен.
Трамп Түркия президенті Реджеп Ердоғанның Ресейден С-400 кешенін сатып алу туралы шешімін түсінікпен қабылдады, дегенмен демократтар да, Конгрестегі республикашылар да Ақ үйді Түркияға қарсы санкция қолдануға шақырған.
Abai.kz