Бизнесті дамыту үшін - әр саладағы монополистерді құрту керек!
Үкіметтің өзі Дамумед, СК-Фармация, РОП секілді әр салада монополистерді өсіріп қояды. Одан кейін: "ойбай, бізде неге бизнес дамымайды, неге жұмысшы орындары аз, неге жұмыссыздық көбейіп кетті, неге жеке капитал елден қашады, неге инвестиция аз?" деп, өтірік таңқалады.
Бизнесті дамыту үшін ең алдымен әр саладағы монополистерді құрту керек. Сонда ғана бесекелестіктің арқасында экономикамыз дамиды, жұмысшы орындар да пайда болады.
Ал ауылдарда халыққа жер беру керек, ол үшін латифундистерді құрту керек. Бос жатқан жерді босатпай халқымыз бүгінгідей жұмыссыз қаңғыра береді.
Мұхтар Тайжанның facebook парақшасынан
Abai.kz