Бұл туралы Зеленский "Президентпен ашық әңгіме" бағдарламасында мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, соғысты тоқтатып, Ресей мен Украина арасында диалог орнату осыдан басталуы мүмкін.
Зеленскийдің сөзіне қарағанда, "барлығын барлығына алмастыру" формасын Ресей президенті Владимир Путин телефонмен әңгіме барысында ұсынған. Дегенмен, украин президентінің айтуынша, Киев дайындаған тізім мен Донецк және Луганск облыстарында "уақытша басып алынған аумақта" жасалған тізім сәйкес келмейді. Сол себепті ол тұтқын алмастыруды 24 украин теңізшісінен бастауды ұсынған.
"Барлық тұтқынды алмастырамыз, бірақ әулеі Ресейде және Қырымда тұтында отырғандарды қайтарайық, оны теңізшілерлен бастайық", — деді Зеленский.
Владимир Зеленский мен Владимир Путин алғаш рет телефон арқылы 11 маусымда сөйлескен, бұл бастаманы Украина көтерген.
Abai.kz