Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1996 0 пікір 18 Маусым, 2009 сағат 08:44

Оттапсыңдар!

Кеше ғана атышулы «Русские в Казахстане» веб-сайты Қазақстандағы орыс, казак және славян бірлестіктерінің Үйлестіру кеңесінің елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа 2009 жылдың 6 маусым күнгі үндеуінің мәтінін жариялады. Үндеуде славян серкелері Парламентімізді ұлттық квоталар арқылы сайлау хақында ұсыныстар айтқан екен. Үндеуге осы Үйлестіру кеңесінің төрағасы Ю.Захаров, Қазақстанның орыс қауымдастығының басшысы Ю.Бунаков, Жетісу казактары одағының атаманы С.Мошканцев, «ЛАД» славян қозғалысының төрағасы М.Крамаренко, Далалық казактар атаманы Г.Шишкин, Орал казактары атаманы А.Авиловтар қол қойыпты.
Президентіміздің мықтылығы мен біліктілігін, Қазақстан халқы ассамблеясын құрудағы айрықша көрегендігін мақтай келе, славян ұйымдары өздеріне жасалып жатқан «қысым» туралы үйреншікті сандырағына басыпты. Олардың пікірінше, «парламенттегі орыс және славян текті депутаттар космополиттік көзқарастарды ұстанып, ұлттық мәселелерді шешуге келгенде шорқақтық танытуына байланысты өз қандастарының ішінде беделден айрылған». Осы себепті де қазақ үкіметі өзінің Конституциясы мен заңнамасын өзгертуі керек екен!

Славяндар, жақында ғана Қазақстанға келіп кеткен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар жөніндегі жоғары комиссары Кнут Воллебектің саны аз ұлыстардың өкілдерін билікке көптеп тарту керек деген «қияли» әңгімелерін басшылыққа алуға шақырып, ел билігінің соңғы санақ нәтижелеріне орай құрылуын талап етіп отыр. Олардың ойынша қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық мәдени бірлестіктер парламенттің кем дегенде 33 пайызын жасақту құқығына ие болатын «ұлттық-пропорциялық» жүйе құрылуы керек екен. Не болмаса, бүгінгі Қазақстан халқы ассаблеясы Парламенттің ұлттар палатасына айналып, оның 67 пайызын қазақтар, қалғанын басқа диаспоралар мен ұлыстар жасақтауы тиіс екен! Тек осындай қадамдарды іске асырған кезде ғана, дейді үндеуге қол қоюшылар, Қазақстанның аты әлемге тарап, ұлттық проблемаларды емін-еркін шешуге қол жеткізетін көрінеміз. Бұл не деген майшелпек, сонда?
Бұған не деуге болады? Біздің ойымызша славян ұйымдарының осындай ұсыныстары саналы түрде жасалған арандату болы табылады! Шынтуайтқа келетін болсақ, осындай мәлімдемелер біздің Конституциямызға қайшы келетіні біз үшін анық! Себебі, Ата заңымыздың 5-ші бабының үшінші тармағына сай: «Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынады». Олай болатын болса, біздің құқық қорғау органдарымыз оларға тиісті шара қолдануға міндетті. Еліміздегі саяси партиялар мен қозғалыстар да осындай арандату әрекеттеріне байланысты өз ұстанымдарын айтып, сырт қалмауы абзал.
Оның үстіне тағы бір нәрсені түсіну керек сияқты. Бүгінгі славян қозғалыстары мен ұйымдары ел азаматтарының мүддесінен гөрі, Ресей мемлекетінің мүддесін қорғауға бейім. Олар Ресейдің мемлекеттік және мемлекеттік емес қорларынан қомақты қаржы алып отыр. Ал Конституциямыздың жоғарыда көрсетілген бабының бесінші тармағына мұқият қарасақ, онда «Республикада басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының қызметіне, дiни негiздегi партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi» деген сөздерді оқи аламыз. Олай болатын болса, біздің парасатты прокурорларымыз қойда қарап отыр?
Өз тарапымыздан славян серкелеріне айтарымыз бір: Қазақстан ЕҚЫҰ-ға бір емес, жиырма мәрте төраға болса да, өз Ата заңымызды, мемлекеттік жүйемізді өзгертуге, елімізден екінші Ирак сынды «құрақ көрпе» жасауға жол бермейміз! Олар парламенттегі орыстекті космополит депутаттарының санын аз деп санаса, өз қатарына қазақтекті космополит депутаттардың барлығын қосып алсын. Бірақ, мемлекетіміздің унитарлық жүйесіне қол сұғушы болмасын!

Айдос Сарым, «Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592