Сенбі, 23 Қараша 2024
Сандар сөйлейді 5279 1 пікір 25 Шілде, 2019 сағат 12:38

Қазақстанның сыртқы қарызы 157,6 миллиард доллар

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құрамындағы елдердің жалпы сыртқы қарызы бір жыл ішінде 8,2% төмендеді деп хабарлайды LS сайты.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Одақтың жалпы сыртқы қарызы 684,5 миллиард доллардан асқан. Ал 2018 жылғы 1 сәуірде бұл көрсеткіш 745,4 миллиард доллар болған. Бұл мәліметтерді Еуразиялық экономикалық комиссия да растапты.

Ресей Федерациясы өзінің сыртқы қарызын бір жыл ішінде 9,9%-ға дейін азайтқан. Қазіргі уақтағы Ресейдің сыртқы қарызы 468,8 миллиард доллар екен.

Ал, Қазақстанның сыртқы қарызы 5,4% -ға төмендеп, 157,6 млрд долларға жеткен. Оның 100,8 млрд доллары фирмалар арасындағы несие.

Сондай-ақ, Беларуссияда сыртқы қарыздың төмендеуі байқалады. Яғни Белорусияның сыртқы қарызы бір жыл ішінде 2,5% -ға төмендеп, 2019 жылдың 1 сәуірінде 38,7 млрд долларды құраған.

Ал, Қырғызстанның қарызы бір жылда 4% артып, 8,3 миллиардқа жеткен. Арменияның қарызы 2,6%  өсіп, 11,1 миллиард доллар болған.

LS сайты бұған дейін Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің 2019 жылғы 1 қаңтарда сыртқы қарызы туралы инфографиканы жариялаған болатын. Ондағы мәлімет бойынша, Қазақстанның осыған дейін БАӘ, Германия және Оңтүстік Корея алдындағы қарызы артқандығы туралы жазылған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395