Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5497 4 пікір 25 Шілде, 2019 сағат 13:16

Бізге ең қауіптісі - уахабистер болып отыр

Мекемтас Мырзахметұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Кезінде патша үкіметі бізді жаулап алғанда ислам дінін жақтырмай, оның орнына христиан дінін енгізу үшін ең бірінші соққыны сопыларға берген болатын. Мәселен, патшалы Ресей Қожа Ахмет Ясауи ескерткішін тас- талқанын шығарғысы келді. Сондай-ақ, Кеңес үкіметі орнағаннан кейін большевиктер бізді діннен айыру үшін ең бірінші сопыларға қарсы болды.

Ал, қазір уахабистер келіп сопыларды аяқтан шалып, оларды жерден алып, жерге салып жатыр. Осы ретте «Үшеуі неге сопыларға өштесіп алды?» деген заңды сұрақ туады. Себебі, біздің халқымыздың ой-санасы мен салт-дәстүрі сопылық іліммен қалыптасқан. Егер сол жолдан қазақты тайдыратын болса, уахабистер бізді мұрнымыздан жетектеп қайда болса, сонда алып кете беретін болады.

Елімізде уахабизм идеологиясын таратуға сопылар тосқауыл болып отыр. Сондықтан да, әсіредіншілдер сопыларды иттің етінен жек көреді. Менің ойымша бізге ең қауіптісі сопылар емес уахабистер болып отыр. Өйткені, олар жылымыр құрт сияқты қанымызға кіріп, жайлап барады.

Шын мәнісінде, Құдайды күніге еске алып, құлшылық қылу сопылардың жолы. Ал, уахабистер зікір жасаған адамды көрмегеннен кейін оны жабайы етіп көрсетіп отыр. Алайда, біз сопылық жолдан таймауымыз керек.

Ғабит Мәлібектің facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404