Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5457 12 пікір 25 Шілде, 2019 сағат 13:29

Сенім қайдан пайда болады? 

Сатылған "бұлбұлдар" отырысынан емес. Нақты істен туындайды.
Парақор шенеунік ұсталады. Жемқорлықтың тамырына балта шабатын орган босата салады.

Ал жүйеге жақпағанды түрмеде шірітеді (Анасының ұлын сол беті көре алмай көз жұмғанын ойласам, ұлы емес менің өңешіме өксік тығылады). Алты адамды көлікпен қағып кетіп, біреуін өлтірген адам 45 тәулікке қамалады.

Одан соң төрт рет қылмыс жасап ... түрмеге қамалады дейсіз бе. Қайдағы... оның фамилиясы терминге айналады. Қылмыстық жауапкершіліктен ақша, байланыс арқылы құтылуды білдіретін.

Қарағанды облысында бір жылға жетпей екі рет қорықшыларды атып кетті. Аулап жүрген киікті атқандай. Итті атқандай. Адам, сот, заңнан қорықпаған ғой...

Екі қорықшы қылмыскерлер қолынан мерт болды.
Суретін мурал түгіл сарыарқаның даласына сал, тау-тасқа қашап сал, әділдік орнамай сенім болмайды. 

Белла Орынбетованың facebook парақшасынан

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1215
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2745
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 875
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 829