Жұма, 22 Қараша 2024
Ақмылтық 4227 3 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 11:38

Сот Талғат Аянның жазасын мерзімінен бұрын алып тастады

Атыраудағы "жер дауы" бойынша сотталған қоғам белсенді Талғат Аянды 19 шілдеде №2 Атырау қалалық соты мерзімінен бұрын жазасын толықтай өтеуден босатты.

"Осыдан бір жыл бұрын олар менің бас бостандығымды шектеу жазасын шарттыға өзгертіп, оны 2021 жылға дейін созды. Бас бостандығыңның шектелуі не екенін түсінсін деген секілді. Былай қарап тұрсаңыз, бостандықтасыз, үйдесіз ғой, бірақ ешқайда бара алмайсыз, рұқсатсыз әрекет қыла алмайсыз, бос уақытыңыз да шектеледі. Әр апта сайын пробация органдарына барып, төбе көрсетіп тұруыңыз керек, кешкі уақытта ешқандай ескертусіз полиция қызметкерлері үйге сау ете түсе алады. Сондықтан қас қарая "Күлшеқыз" құсап үйіңізге тұра жүгіресің. Көңіл көтеретін кештерге бара алмайсыз, мысалы тойға баруға құқың жоқ. Басқа жерге, мысалы қазаға бару керек болса, онда да рұқсат алуың керек.

ЖСН-нің де бұғатталған, өйткені аты-жөніңіз лаңкестікті қаржыландырумен айналысатын адамдардың тізімінде тұр, бір сөзбен айтқанда бұл ешбір жұмыс орны жұмысқа алмайтын таңба", - деп жазды Талғат өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Талғат Аянның айтуынша, прокурор мен пробация қарсы болғанына қарамастан сот оның мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Алайда, қоғамдық жұмыстарға араласуына салынған тыйым сол күйі өзі күшінде қалдырылыпты.

Айта кетсек, өткен жылдың 28 сәуірінде Талғат Аян Ақтөбедегі түзеу колониясынан босап шыққан. Сөйтіп үш жарым жылдық бас бостандығын шектеу мерзімін шарттыға ауыстырған. Талғат Аянның серігі, Макс Боқаев өзінің бес жылдық жазасын Ақтөбеде, орташа режимдегі КА-168/2 түрмесінде өтеп жатыр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329