Өткен тәулікте 6 адам суға кетті - ТЖМ
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанның ашық су көздерінде 6 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
12 шілде күні Алматы облысының Қарасай ауданында Аксайка өзеніне шомылып жүрген 59 жастағы әйел суға батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты. Кеше сондай-ақ осы облыстағы Қапшағай су қоймасына 19 жастағы жігіт батып кетті. Оның денесі әлі табылған жоқ.
Шығыс Қазақстан облысында Алибастр су қоймасына 14 жасар бала батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.
Кеше сондай-ақ Таразда Ет комбинаты ауданындағы қазаншұңқырға шомылып жүрген жерінде 39 жастағы ер азамат суға кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.
Қарағанды облысында Карагандинка өзеніне шомылып жүрген жерінде 53 жастағы ер азамат суға батып кетсе, Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» демалыс орнында Каспий теңізіне 35 жастағы ер азамат суға кетті. Олардың денелерін судан құтқарушылар алып шықты.
Кеше Оңтүстік Қазақстанда 10 шілде күні Сырдарияға суға кеткен 17 жастағы бозбаланың денесі табылды.