Жұма, 22 Қараша 2024
2979 0 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 12:22

Қызылорда облысында 18 жаңа жұмыс орны ашылады

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды. Күні кеше өңір басшысы Қуанышбек Ысқақов бірқатар елдімекеннің тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік және өнідірістік нысандардың жұмысымен танысты.

Және, облыстағы "Nomad Solar" ЖШС салатын күн электр станциясының құрылыс жұмысына қатысты. Аталған станцияның қуаттылығы 30 кВт ты құрайды. Бүгінгі таңда аталған жобаның құрылысына 60 адам тартылған. Ал, станция пайдалануға берілгеннен кейін ол жерде 18 жаңа жұмыс орны  ашылады.

Сонымен қатар, Қуанышбек Ысқақов Өркен Әлем" ЖШС арнайы киім тігу цехының жұмысымен танысқан. Аталған цех 2017 жылы  "Серпін" аграрлық-индустриялық аймағында ашылған. Бүгінде бұл кәсіпорында 24 адамды жұмыспен қамтып отыр. Одан соң, облыс әкімі аудан орталығы Жалағаш кентіндегі "Тағзым алаңында" болды.

Сондай-ақ, өңір басшысы Байтабын" ЖШС №5 бригадасының егіс алқабында болды. Бұқарбай батыр ауылдық округінде орналасқан бұл бригада күріш өсірумен айналысады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, шаруашылықта гектарына 68 центнер өнім жиналған. Серіктестікте барлығы 110 адам жұмыс істейді.

Одан әрі Қуанышбек Ысқақов Аққыр ауылдық округінде елдімекенді абаттандыру бойынша жұмыстармен танысты. Атап айтсақ,  ауылға тартылған ауызсу мен электр желісін жаңғырту бойынша атқарылып жатқан істерді көзімен көрді.

Сосын "Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр" тас жолының бойындағы "Оңтүстік коллектор" көпірін қайта жаңғырту жұмыстары бойынша бірқатар шараларды көзімен көрді.

Және, облыс әкім Мақпалкөл ауылдық округінде болып,  аумағы 6 га  алма бағын аралап көрді. Бақ 2018 жылы отырғызылған, оның жұмыстарымен 4 адам айналысады.

Сонымен қатар Қуанышбек Ысқақов өңірдегі Таң ауылдық округінде "Таң ЛТД" ЖШС мемлекеттік -жекеменшік әріптестік  аясында салынған 100 орындық спорт кешенін аралап көрді. Онда дзюдо және таэквондо секциялары бар. Бұл жерде 11 адам жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ, өңір басшысы тәулігіне 100 тонна күріш өңдейтін "Таң ЛТД" ЖШС күріш өңдеу цехында болды.  Айта кетейік, өткен жылдан бастап ауылдық округте тәулігіне 1000 орама консерві өндіретін "Агролидер Таң" ЖШС цехы іске қосылған болатын.

Өңір басшысы Мәдениет ауылдық округінде 2018 жылы пайдалануға берілген әлеуметтік нысандарда, спорт кешені, балабақша және мәдениет үйінде болды.

Одан соң,  "Еңбек" ауылдық округінде болған облыс басшысы "Еңбек Жер" ЖШС ауыл тұрғындарының игілігі үшін салынған 50 орындық спорт кешені, мешіт және шаштараз, шағын-маркет, 200 орындық тойхана жұмысымен танысты.Және, 18 адамды жұмыспен қамьып отырған Аққұм ауылдық округінде 2018 жылы салынған "Бақдәулет-57" ЖШС бордақылау кешенінің жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, Сыр өңірінің басшысы  Қуанышбек Ысқақов 24-27 шілдеде жұмыс сапарымен Арал, Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандарында болып, өңірлердегі жергілікті тұрғындармен кездесті.

Алдағы уақытта облыс әкімінің жұмыс сапары Жаңақорған және Шиелі аудандарында жалғасады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322