Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1924 0 пікір 13 Шілде, 2011 сағат 05:26

Ақтөбелік БАҚ өкілдері «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының салынып жатқан учаскелерінде болып қайтты

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 11 шілдеде Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің  Ақтөбе облыстық департаменті Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық  сүйемелдеу шеңберінде өңірлік масс-медиа үшін баспасөз шеруін  жүргізді.

Баспасөз шеру барысында БАҚ өкілдері  Ақтөбе - Мартүк - Ресей Федерациясы шекарасы (Орынборға қарай) учаскесіндегі құрылыс жұмыстарымен танысты.

Ақтөбе облысының аумағы бойынша «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы шеңберінде 355 км жол қайта салуды қажет етеді.

Қазіргі таңда «Gengiz Insaat Sanayii ve Ticaret A.S.» (Түркия) компаниясы ұзақтығы 102 км құрайтын Ақтөбе - Мартүк - Ресей Федерациясы шекарасы (Орынборға қарай) учаскесінде құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Учаскені қайта салу Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕБРР) займ қаражатына жүзеге асырылуда.

Жоба бойынша учаскені І және ІІ техникалық категорияға, оның ішінде, ұзақтығы 9,5 км құрайтын Ақтөбе қаласының кіре берісі учаскесін төрт жолақты қозғалыс жолына ауыстыру қарастырылған.

Құрылыс жұмыстарына шамамен 835 адам, оның ішінде, 785 жергілікті қызметкер тартылған. 220 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Құрылыс жұмыстары басталғаннан бері 690,4 тыс. м3 (46,7%) жер жамылғысы төселіп,  7,52 км  (12,5 %) төсегіш қабаты жасалды. 153,6 тыс.м3  шағыл тас, 186,2 тыс.м3 құм қиыршық қоспасы, 1,9 тыс. м3  темір-бетондық бұйымдар жасалды.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін облыс бойынша 60 км жолды салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, ұзақтығы 215 км құрайтын Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысы шекарасы учаскесінде республикалық бюджет есебінен қайта салу жүргізілді. «Иврус» ЖШС және «Дена Рахсаз Қазақстан» ЖШС компаниялары жұмыстарды 2007 жылдан бері атқарып келді. Ағымдағы айда осы учаскені пайдалануға беру жоспарланған.

Ұзақтығы 39,4 км құрайтын Ақтөбе қаласы солтүстік айналма жол учаскесін республикалық бюджеттен жүзеге асыру жоспарға қойылған. Жұмыстарды 2012-2014 жылдары атқару  жоспарлануда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543