Сенбі, 23 Қараша 2024
2927 1 пікір 31 Шілде, 2019 сағат 10:50

Жалағаштағы жарқын жобалар

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында қуаттылығы 30 кВт "Nomad Solar" ЖШС салатын күн электр станциясының құрылыс басталды,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысымен танысып, бірнеше елдімекеннің тұрғындарымен кездесті. Электр станциясының құрылысын жүргізуге 60 адам жұмылдырылған. Жоба іске қосылғанда 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Сондай-ақ, аймақ басшысы аудан орталығында 2017 жылы "Серпін" аграрлық-индустриялық аймағында ашылған "Өркен Әлем" ЖШС арнайы киім тігу цехына барды. Аталған кәсіпорында 24 адам жұмыс істейді.

Мұнан соң Қуанышбек Досмайылұлы Бұқарбай батыр ауылдық округінде күріш өсірумен айналысатын "Байтабын" ЖШС №5 бригадасының егіс алқабында болды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша шаруашылықта гектарына 68 центнерден өнім жиналған. Серіктестікте барлығы 110 адам жұмыспен қамтып отыр.

Бұдан әрі өңір басшысы "Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр" тас жолының бойындағы "Оңтүстік коллектор" көпірін қайта жаңғырту жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқандығын көрді. Бүгінгі таңда Жалағаш ауданында бірқатар жобалар іске асырылуда. Қуанышбек Ысқақов Аққыр ауылдық округінде елдімекенді абаттандыру бойынша, атап айтсақ, ауылға тартылған ауызсу мен электр желісін жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Мақпалкөл ауылдық округінде облыс әкімі аумағы 6 гектар аумаққа алма бағы орналасқан. Бақ 2018 жылы отырғызылған, оны күтіп-баптау жұмыстарымен 4 адам айналысады.

Аймақ басшысы сапар аясында Мәдениет ауылдық округінде 2018 жылы пайдалануға берілген әлеуметтік нысандарда, спорт кешені, балабақша және мәдениет үйінде барды.

Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округінде "Таң ЛТД" ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 100 орындық спорт кешені ашылған еді. Онда дзюдо және тхэквондо секциялары қызмет көрсетеді, 11 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, Қ. Ысқақов тәулігіне 100 тонна күріш шалы өңдейтін "Таң ЛТД" ЖШС күріш өңдеу цехында болды. Айта кетейік, өткен жылдан бастап ауылдық округте тәулігіне 1000 орама консерві өндіретін "Агролидер Таң" ЖШС цехы іске қосылған болатын.

Облыс әкімі "Еңбек" ауылдық округінде болып, "Еңбек Жер" ЖШС ауыл тұрғындарының игілігі үшін салған 50 орындық спорт кешені, мешіт және шаштараз, шағын-маркет, 200 орындық тойхана жұмысымен танысты.

Қуанышбек Досмайылұлы Аққұм ауылдық округінде 2018 жылы салынған "Бақдәулет-57" ЖШС бордақылау кешеніне барды. Мұнда 18 адам жұмыс істейді.

Айта кетейік, алдағы уақытта оңтүстік аудандарға жұмыс сапарымен барады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373