Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1773 0 пікір 14 Шілде, 2011 сағат 04:29

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалындағы жағдайдың өрбуі туралы

Астана, 13 шілде 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Жаңаөзен қаласындағы (Маңғыстау облысы) «Өзенмұнайгаз» («ӨМГ») өндірістік филиалында өтіп жатқан наразылық акциясына байланысты жағдайдың өрбуі туралы хабарлайды.

Қазіргі таңда ӨМГ-нің 1225 жұмыскері күндізгі ауысымға шықпай отыр. Жұмысқа шығып жүргендер санының азаюы өткен сенбіде автотранспорт құрылымдары  қызметкерлерінің жұмысқа шығудан бас тартуымен түсіндіріледі. Олар ресми түрде Компания басшылығы мен Жаңаөзен қаласының билігіне жүгініп, егер негізді болған жағдайда, наразылық акциясына қатысушылардың талаптарын қанағаттандыруды немесе заңға сәйкес наразылық акциясын тоқтату шарасы арқылы мәселенің басын ашып алуды  ұсынды. Одан бөлек, жұмысқа шыққандардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірілді.

 

Құқық қорғау органдары сот шешімдерін орындау мақсатында тәртіпке келтірудің тиісті шараларын қолға алды. Соған қарамастан, наразылық акциясына қатысушылар қаланың басты алаңында заңсыз митинг ұйымдастырып, жалақыны көтеру және жұмысқа шықпағаны үшін қуылғандарды қайтадан жұмысқа алу туралы талап қойып отыр.

Астана, 13 шілде 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Жаңаөзен қаласындағы (Маңғыстау облысы) «Өзенмұнайгаз» («ӨМГ») өндірістік филиалында өтіп жатқан наразылық акциясына байланысты жағдайдың өрбуі туралы хабарлайды.

Қазіргі таңда ӨМГ-нің 1225 жұмыскері күндізгі ауысымға шықпай отыр. Жұмысқа шығып жүргендер санының азаюы өткен сенбіде автотранспорт құрылымдары  қызметкерлерінің жұмысқа шығудан бас тартуымен түсіндіріледі. Олар ресми түрде Компания басшылығы мен Жаңаөзен қаласының билігіне жүгініп, егер негізді болған жағдайда, наразылық акциясына қатысушылардың талаптарын қанағаттандыруды немесе заңға сәйкес наразылық акциясын тоқтату шарасы арқылы мәселенің басын ашып алуды  ұсынды. Одан бөлек, жұмысқа шыққандардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірілді.

 

Құқық қорғау органдары сот шешімдерін орындау мақсатында тәртіпке келтірудің тиісті шараларын қолға алды. Соған қарамастан, наразылық акциясына қатысушылар қаланың басты алаңында заңсыз митинг ұйымдастырып, жалақыны көтеру және жұмысқа шықпағаны үшін қуылғандарды қайтадан жұмысқа алу туралы талап қойып отыр.

ҚМГ БӨ аталған талаптардың заңсыз әрі негізсіз екенін және олардың қанағаттандырылмайтынын тағы да мәлімдейді. Компания сот орындарының шешімдеріне жүгіне отырып, аталған наразылық акциясының, заңға қайшы келетінін атап өтеді, сондықтан жұмыс беруші ретінде Еңбек кодексіне сәйкес себепсіз жұмыс орнында болмағандарды жұмыстан шығаруға толықтай құқы бар. Қазіргі таңда осы бап бойынша  ӨМГ-нің 310 қызметкері жұмыстан шығарылды. Жұмыстан шығарылғандардың бір бөлігі өздерінің заңдық құқығын пайдалана отырып, жұмысқа қайта алынуы туралы сотқа талап-арыз берді. Жаңаөзен қаласының соты бұрынғы жұмыс орнына қайтадан қабылдануы және жұмысқа шықпауға мәжбүр болған уақытына ақы төлеу туралы талап-арыздарды қанағаттандырудан бас тартты, бұл ҚМГ БӨ әрекетінің заңды екенін растайды.

Қазіргі таңда Компания ӨМГ жұмысы ырғағын қалпына келтірудің барлық шараларын қолға алуда. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмыс бригадаларын кенорнына балама көліктермен жеткізу ұйымдастырылды, жүк көтергіш көліктер жүргізушілерін қайта оқытудың нәтижесінде ұңғымаларды жерасты жөндеуге тартылған арнаулы техниканың саны артты.

ҚМГ БӨ 2011 жылдың қыркүйек айының соңына қарай тәуліктік өндіруді қалпына келтіріп, 25 мамырдағы (наразылық акциясы басталғанға дейінгі) деңгейге жеткізуге талпынып отыр. Оның басты шарты наразылық акциясына қатысушылардың  жұмыс орындарына қайтып келуі нәтижесінде немесе жұмыстан шығарылғандардың орнына аймақ тұрғындарының арасынан жаңа жұмыскерлерді алу нәтижесінде қысқа мерзімде ӨМГ жұмыскерлерінің санын қалпына келтіру болып табылады. Қазіргі таңда Компания жұмысқа қабылдау туралы ӨМГ-ге келіп түскен өтініштерді зерттеуде.

 

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары - Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2010 жылдың шілдесінде халықаралық Standard & Poor's агенттігі Компанияның несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде, ал 2010 жылдың қарашасында «GAMMA-6» корпоративтік басқару рейтингін растады.

 

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)

Дәулет Жұмаділ

e-mail: pr@kmgep.kz

 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)

Әсел Қалиева

e-mail: ir@kmgep.kz

 

Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147)

Елена Добсон

е-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk

 

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550