Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2504 0 пікір 14 Шілде, 2011 сағат 07:22

Гүлмира Тойболдина. «Шаңырақ» әлі де шайқалады...

  • Тәуелсіз Қазақстанның тарихында орын алған «Шаңырақ» шайқасына» 14 шілде күні 5 жыл толды.

 

Бірден айту керек, «Шаңырақ» шайқасы» - әлеуметтік, саяси негізі, ұлтттық сипаты бар, жер үшін болған тарихи қақтығыс. Дәлірек айтқанда, азғантай биліктің жер сатуды жүзеге асырғысы келген әрекетінен туындаған жағдай. Жер дегенде түн ұйқысын төрт бөліп, жарты малтаны ас еткен бабаларымыз ұлан-байтақ жердің бір сүйемін де жатқа таптатпаған. Арада бес жыл өтсе де, сол қанды оқиғаның саяси сипатын түстеу қиын болып тұр. Бірақ бір жапырақ жері үшін қалың қазақ тұтасып, полицияға тойтарыс берген сол күнді оған қатысқандар да, көзімен көргендер де өмір бойы ұмытпайтыны анық.

Әлі есімде, 2006 жылдың 14 шілдесі күні ертеңгісін ертемен телефон соққан Жұмысшылар қозғалысының төрайымы Сақып Жаңабаева: «Шаңырақты» шауып жатыр», - дегенде, барлық шаруаны тастап, үйден ытқи шықтым. Оның алдында ғана Бақай елді мекенінде де осындай зобалаң орын алып, оның ізі әлі де суымаған болатын...

Бірінші тоқтаған таксиге отырып, «Шаңыраққа» тарттым. Жол-жөнекей автобусқа тиеліп, ызғытып бара жатқан полиция қызметкерлерін басып оздық. Райымбек көшесінен төмен Шаңырақ ауылына қарай қаптаған полиция тұр.

  • Тәуелсіз Қазақстанның тарихында орын алған «Шаңырақ» шайқасына» 14 шілде күні 5 жыл толды.

 

Бірден айту керек, «Шаңырақ» шайқасы» - әлеуметтік, саяси негізі, ұлтттық сипаты бар, жер үшін болған тарихи қақтығыс. Дәлірек айтқанда, азғантай биліктің жер сатуды жүзеге асырғысы келген әрекетінен туындаған жағдай. Жер дегенде түн ұйқысын төрт бөліп, жарты малтаны ас еткен бабаларымыз ұлан-байтақ жердің бір сүйемін де жатқа таптатпаған. Арада бес жыл өтсе де, сол қанды оқиғаның саяси сипатын түстеу қиын болып тұр. Бірақ бір жапырақ жері үшін қалың қазақ тұтасып, полицияға тойтарыс берген сол күнді оған қатысқандар да, көзімен көргендер де өмір бойы ұмытпайтыны анық.

Әлі есімде, 2006 жылдың 14 шілдесі күні ертеңгісін ертемен телефон соққан Жұмысшылар қозғалысының төрайымы Сақып Жаңабаева: «Шаңырақты» шауып жатыр», - дегенде, барлық шаруаны тастап, үйден ытқи шықтым. Оның алдында ғана Бақай елді мекенінде де осындай зобалаң орын алып, оның ізі әлі де суымаған болатын...

Бірінші тоқтаған таксиге отырып, «Шаңыраққа» тарттым. Жол-жөнекей автобусқа тиеліп, ызғытып бара жатқан полиция қызметкерлерін басып оздық. Райымбек көшесінен төмен Шаңырақ ауылына қарай қаптаған полиция тұр.

Рысқұлов көшесінен «Шаңыраққа» қарай өтетін бұрылыста, тіпті қала ішінде жүретін көлікті де жүргізбей тастаған. Таксист «аш құлақтан тыш құлақ» деді ме, кері қайтатын болды. Амалсыз көппен бірге жаяулап-жалпылап, ол кезде әлі аты көпшілікке беймәлім «Шаңырақ сайға» да жеттік.

Бірден көзге түскені қала жақтан келетін жолды бір батальонға жуық ОМОН жауып тұр. Көз көрім жерде ұрандап, атойлап тұрған қазақтар қарақұрым. Мұздай қаруланған ОМОН жасағын басқарып тұрған мыртық «менттің»: «Қорықпаңдар! Аямаңдар!» - деген айқайын естіп қалдым. Полиция мен халықтың екі ортасында өрт сөндіретін машина жанып жатыр. Оны кім жаққаны, кім сөндіретіні де түсініксіз еді. Одан әрі жолды бөгеу үшін әр жерге тас үйіліпті. Полицияның шабуылын бөгеу үшін машина доңғалақтарын жағып тастаған, бірнеше жерде газ баллондары тұр.

«Қазақтар! Ояныңдар! Жер үшін! Ата-баба аруағы үшін!» - деп айғайлаған ер адамның даусы қарлығып шығады. Оның бір жағында газ баллоны, екінші жағында қолына балта ұстаған ересектеу ер бала тұрды. Екеуі де шаршап, күннің ыстығынан, әлде ашу-ызадан ба, түтігіп кеткен. Қаптаған қарақұрым халықтың ең алдында тұрған соң, көзім бірден соларға түсті. Қазірге дейін «Шаңырақ» деген сөз естісем, сол көрініс көз алдыма атой сап, елестей кетеді!

Халық полицияның екі бірдей шабуылына біржола тойтарыс беріп үлгерген екен. Полиция қайта шабуылдауға батпады ма, жоқ бұйрық солай болды ма, кейін бұрылды. Осыны пайдаланып, қалың жұрт етек-жеңін жинап, көше-көшеден тағы да тас жинап, бекінісін нығайтып: «Келсе де, өткізбейміз!» десіп жатты.

Шашылған тастардың арасынан балалар бос патрондар тауып алды. Адамдар ОМОН-ның таңғы сағат бестен шабуылдағанын, кәдімгі жауға шапқандай қалқандарын сартылдатып, бала-шағаның үрейін ұшырғанын айтып жатыр. Қақтығыс кезінде полиция адамдарды аяусыз соққыға жыққан, оларға қарсы резеңке оқтар атылған.

Шабуылдың болатынын бір күн бұрын естіген халық түнімен көз ілмей, от жағып ояу отырған. Түнді ұйқысыз өткізген, полициямен екі арадағы текетірестен болдырған адамдарда шаршаудан гөрі, ашыну басым болатын. Қорғансыз ауылға 700-ден аса ОМОН күн шығар-шықпастан шабуылдағанын көз алдыңызға елестетіп көріңіз! Ал бұл дегеніңіз - бір батальон әскер. Ол әскер қарусыз, жалаңаш қол халыққа шапқан.

Өз Отанында жүріп, жерсіз, баспанасыз күн кешкен қазақтар 90 жылдары да бар еді. Сол кезде де «Баспанасыздар одағы» құрылған болатын. Ол Одаққа ол кездегі Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы Заманбек Нұрқаділов жәрдем жасап, осы қазіргі «Шаңырақ» ауылы тұрған жерді бөліп берген. Кейіннен белгілі болғандай, Зәкең марқұм сол жерді ешкімнен рұқсат сұрамай-ақ, іргесіндегі Орталық Комитеттің келісімінсіз бөліп берген ғой. Бұл болашақ тарихта айтылатын абыройлы сөз болса керек.

Бірақ 2005 жылдан бастап, қазақ жер алмақ түгілі, басындағы жалғыз баспанасы (үй де емес!) жатақханалардан шығарыла бастады. Осы тұста Алматының сыртын еркін қоныстанған қазақ ауылдары мұндай жағдай өз бастарына да жетеді деп ойлаған жоқ. Тәуелсіздіктің 10-15 жылы ішінде тоз-тоз болған ауылдардан қазақтар еріксіз ірі қалаларға (Алматы, Астана) қарай босыды. О баста баспана үшін емес, бір үзім нан тауып жеу үшін келді. Жұмыс іздеп босқынға айналғандарды күні бүгінге дейін есепке алған ешкім жоқ. 2000 жылдың басында-ақ Ресей басылымдары Қазақстанда ішкі миграция бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгенін ашық жазып жатты. Шынында да, өз жерінде босқынға айналған қазақтардың жағдайын ақтабан шұбырындымен ғана салыстыруға болатын еді! «Елім, жерім» деп шеттен келген қазақтар да жерсіздер мен баспанасыздардың санын арттырып, босқындар қатарын көбейтті.

Қысы суық Астанадан гөрі, босқындардың дені Алматыға (жыл сайын орта есеппен 40-50 мың адам қоныстанады) келіп паналады. Ауылдың жағдайы жақсарып кетер деген үміттері ақталмаған соң, орнығып қалудың қамын жасаған адамдардың ниеті мен ісін заңсыз деу - Аллаһтың алдында да күпірлік болар еді. Мемлекет қаперге ілмеген соң, халық, Назарбаев айтқандай, «өз тірлігін өзі жасауға» көшті. Елдегі ең ірі мегаполис - Алматының айналасына өз беттерімен қоныстана бастады. Ал бұл жергілікті билік үшін таптырмас қаржы көзі болды. Бір кездері халыққа деп тегін бөлінген жер телімдерін, жер алуға деген шешімдерді «бармақ басты, көз қыстымен» сатудың сәті түсті. Олардың құныққаны сонша, бір жер телімін екі адамға сатып жіберген жағдайлар белгілі болды! «Жерге алған шешімдерің бойынша үй сала беріңдер, актіні кейін аласыңдар», - дегенге сенген халық балаларының аузынан жырып, несие қамытын киіп, үй тұрғызды. Тұтас ауыл бой көтергенше, әкім атаулы «үйлердің заңсыз салынып жатқанын», кейбір үйлердің газ құбырының үстінде, яғни қауіпті жерде бой көтере бастағанын «көрмей, білмей отырған»! 2005 жылы президент сайлауы қарсаңында Иманғали Тасмағамбетов «Шаңырақты» аралап, «Шаңырақ» шайқалмайды, «Әйгерім» әбіржімейді», - деген атақты сөзін айтып, ешбір үй бұзылмайтыны, заңдастырылатыны туралы халыққа уәде беріп, елді президентке дауыс беруге жұмылдырды. Қала әкімі ешбір үйдің атына сын айтпаған. Қалай президент сайлауы өтті, солай үй қирату басталды! Өйткені жер ақшаға айналған заман туды!

Халықтың қолында көк сиямен басылған мөрі, яғни заңды шешімі бар екені, халықтың ащы тер, адал еңбегі, жұмсаған қаржысы есепке де алынған жоқ! Үй саламын деп несие алғандар қарызға батқандары аздай, баспанасыз қалды!

Билік халықты алдап соқты. Онсыз да тоз-тоз болған қарапайым халықты одан әрі тонауға арсызданбады. Мыңдаған адам қолында шешімі бола тұра, акт уақтылы берілмегендіктен, салған үйлері, алған жер телімдерін қайыра заңдастыруға (мыңдаған доллар беріп жүріп!) мәжбүр болды. (Бірақ заңдастырылмай қалғандары қазірге дейін бар). Мұның бәрі халықты ашындырып, 2006 жылы «Шаңырақ» шайқасына» алып келді...

Елдегі саясаттанушылар «Шаңырақ» шайқасын» Желтоқсан көтерілісімен салыстырды. Екі тарихи оқиғаның ұқсастығы сол - қақтығыс ұлт өкілдерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты орын алды. Жетісу ауданының әкімі Устюгов көтерілісті басуға қажетті техника қолдануға нұсқауды ауызша берген... Желтоқсан көтерілісі сияқты, «Шаңырақ» шайқасы» да аяусыз басып-жаншылды. Бір апта, тіпті бір ай көлемінде «Шаңырақ» тұрғындарын аңду, аулау, бір-біріне айдап салу басталды. Тіпті қаладан жүретін автобусқа отыратын шаңырақтықтарды «Атакенттегі» аялдамада аулап, ұстап әкетіп жатты. Шамамен 170-тен аса жас жігіт заңсыз ұсталып (шын мәнінде, қанша екенін ешкім білмейді!), заңсыз қамауға алынды! Алды бір тәулік, соңы 7-8 күн қамауда отырып шықты. Олардың және сотты болған 25 жігіттің басынан не өткенін сөзбен жеткізу қиын! Сот Арон Атабек және төрт адамды «қақтығысты ұйымдастырушылар» деп таныды. Арон қақтығыс кезінде өртке оранып, кейін емханада қаза болған тергеуші жігіттің өліміне себепкер деген айыппен 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Өзгелері де ұзақ мерзімді жазаға кесілді.

Биліктің шоқпарын соққандар: «Шаңырақтықтар мас болды», - дегенді айтты. Желтоқсанда алаңда шыққан жастарға да «маскүнемдер, нашақорлар» деген жала жабылған... Жеме-жемге келгенде, құқық қорғау органдары мен ішкі істер бөлімі қызметкерлері: «Біз сот орындаушыларын қорғау үшін бардық», - деді. Ал, шын мәнінде, бұл нағыз арандату болатын. Сот орындаушылары саптың алдында жүрсе, халық қараптан-қарап қарсы шықпаған болар еді. Бірақ саптың алдында қалқан мен шоқпар ұстаған ОМОН тұрған соң, халықтың қарсы тұрғаны анық. Өйткені шаңырақтықтарды шоқпармен ұрып, қуып жүріп тарататындай, олар бұзақылар емес еді ғой! Олар барар жер, басар тауы қалмаған соң, келіп, паналаған баспанасын, бала-шағасын неге қорғамайды?!

«Шаңырақ» тұрғындары туралы билік: «Олар - жер басып алушылар», - деп шулатты. Егер сырттан жау келсе, олар шын мәнінде жер басып алушылар болады. Ал өз жерінде жүріп, өз баспанасы мен табан ақы, маңдай терімен тапқан қаржысына сатып алған жерін қорғағандар қалайша жер басып алушылар болады?! Және өздерінің кім екенін айтпастан, таң алаң-елеңнен қалқандары мен шоқпарларын көтеріп жеткен қарулы топты адамдар қалай қарсы алуы керек еді?! Бұл жерде нағыз заң бұзушылар - билік пен оның нұсқауын орындаушылар екені даусыз. Бірақ бұлардың бірде-бірі айыпкер орындығына отырған жоқ!

Керісінше, жері мен баспанасын қорғағаны үшін адамдар сотталды. Айыпкерлер орындығына айыптылар емес, жазықсыз жазаланғандар отырды. Шарасыздықтан ауылдан қалаға келгендердің мәселесін шешпеген, ішкі миграцияны реттемеген, «Шаңырақтағы» үйлерді уақтылы заңдастырмаған мемлекет айыпты болған жоқ! Бірақ билік жүйесі халықты ызаландырып, арандату үшін, қаруланған ішкі әскер бөлімін алдыға салып, адамдарды қақтығысқа итермеледі. Одан әрі адамдарды жаппай қамауға, соттауға, халықты мұнан былай бас көтере алмастай, әділдік іздеместей етіп жазалау мақсатына алып келді! Бұл жазықсыз қамалып, тергеуге алынған 25 адамға қатысты жүргізілген сот барысы кезінде анық байқалды. Бүгін, арада 5 жыл өткенде де, биліктің халыққа жасағаны - арандатушылық шабуыл болғаны қайталанып айтылуда. Бірақ мұның кімге керек болғаны белгісіз болғанымен, бір нәрсе анық: жұмыссыздық пен шарасыздықтан өз жерінде ақтабан шұбырындыға ұшыраған халықтың жағдайы осы қалыптан өзгермесе, қазақтың шаңырағы әлі талай шайқалмасына еш кепілдік жоқ.

Гүлмира ТОЙБОЛДИНА,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 26 (109) 13 шілде 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543