Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
3833 0 пікір 1 Тамыз, 2019 сағат 12:09

"Путин – агрессор" деген плакатпен шыққан ерлі-зайыптының ісі жабылды

Қырғызстан милициясы азаматтық белсенді Нұрлан Карымшаков пен оның әйелі Гүлжан Имаеваға қатысты істі жапты.

Биыл 27 наурызда РФ президенті Владимир Путиннің Қырғызстанға сапары қарсаңында Ресей елшілігі алдында "Путин – агрессор, қанішер" деген жазуы бар плакатпен ерлі-зайыпты шыққан болатын.

Оларды милиция ұстап, пәтеріне тінту жүргізген. Осыдан кейін екеуіне қарсы қылмыстық іс қозғалған.

"Оларға қарсы істі тоқтату туралы шешім психологиялық-лингвистикалық және комиссиялық лингвистикалық сараптама нәтижесінен кейін қабылданды", – дейді ерлі-зайыптының адвокаты Замир Жоошев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 127
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 128
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 99
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 59