Сенбі, 23 Қараша 2024
4426 21 пікір 1 Тамыз, 2019 сағат 16:09

Тоқаевтың туфлиі қанша тұрады?

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық кәсіпкер Дәурен Раманқұлдың тіккен аяқ киімін сатып алғанын айтты. Ол туралы президенттің Твиттер әлеуметтік желісінде жазылған.

Дәурен Раманқұл  - аяқ киім фабрикасының тең құрылтайшысы және басқарушы директоры. Оның фабрикасы Алматыда орналасқан. Кәсіпкер өз өнімдеріне Президенттің қызығушылық танытқаны күтпеген жағдай екенін айтты.

Дәурен Раманқұл:

-«Айқын» газетінде біздің аяқ киім туралы мақала шықты. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли қоңырау шалып, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мақаланы оқығанын және біздің аяқ-киімімізді алғысы келетінін айтты. Оған газеттегі біздің аяқ киімдердің суреттері ұнады . Бірнеше аяқ киім модельдерінің суреттері баспасөз хатшысына жіберілді. Президент қара қоңыр аяқ киімді таңдады.

Дәуреннің айтуынша, Президентке аяқ киімді Қазпошта арқылы жіберген.

«Біз аяқ киімді Қазпошта арқылы жібердік, ол төледі. Бағасы - 21 мың теңге, аяқ-киімнің өлшемі - 43. Ол қара қоңыр түсті аяқ киімді сатып алды. Бізде шынайы былғары аяқ киімдер  тігіледі», - дейді кәсіпкер.

Өндірушіге төрт жұпқа тапсырыс берілді: бір жұп - Қасым-Жомарт Тоқаевқа, екіншісі баспасөз хатшысына, қалған екеуі Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне тапсырыс берілген.

Сондай-ақ, кәсіпкер Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің қандай аяқ киім таңдағанын көрсетті.

Айта кетейік, Дәурен Раманқұлдың фабрикасы 2016 жылы құрылған.

Ал, Президент әлеуметтік желідегі парақшасында Дәурен туралы айтып, жалпы, қазақстандықтарды бизнеспен айналысуға шақырды.

Естеріңізде болса, 2019 жылдың наурызында премьер-министр Асқар Мамин Шымкенттегі арнайы экономикалық аймаққа барған кезде Қазақстанда жасалған жасалған аяқ киім сатып алған болатын. Ол 12 мың теңгеге бағаланған.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394