Сенбі, 23 Қараша 2024
2864 0 пікір 1 Тамыз, 2019 сағат 18:17

Елордада Отбасылар форумы өтіп жатыр

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Отбасылар форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтіп жатқан шара кешке дейін жалғаспақ. Қатысушылар күні бойы бірнеше сессияға бөлініп, отбасы мәселесіне қатысты түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасады. Форум арқылы ұйымдастырушылар тұрғын үй жағдайын жақсарту, бизнес құру, отбасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қиын жағдайға тап болған кезде одан шығу мәселелері бойынша мемлекет ұсынатын мүмкіндіктер туралы толыққанды ақпарат беруді көздеп отыр.

«Мен өзім Абай көшесінде тұрамын. Маңайымызда көпбалалы отбасылар өте көп. Солардың көбі отбасын қолдауға бағытталған бағдарламалар мен жобалар туралы біле бермейді. Халықтың басым бөлігі енді ғана бұл мәселеге назар аударып, өз құқықтарын талап ете бастады. Бүгінгі форум арқылы да астаналық жанұялар талай маңызды ақпаратқа қанығады деп ойлаймын. Мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан құрылған жұмыс тобына мүшемін. Биыл осы жұмыс тобының ұсынысы бойынша көпбалалы отбасылардың балаларына қосымша 5 мың грант бөлінді. Баспана кезегінде көпбалалы отбасылар жеке санат болып енді. Жалпыға міндетті оқу қорының есебінен тегін ыстық тамақпен, мектеп формасымен, жазғы лагерьмен қамту ісі жолға қойылып жатыр. Соның бәрі осындай басқосуларда айтылған ұсыныстардан бастау алып жатады. Бұл форумға сол үшін келдік», - дейді көпбалалы ана Жанбота Өміртай.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395