Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4123 2 пікір 2 Тамыз, 2019 сағат 12:10

Арыс халқына берген уәделер орындалмай жатыр

Тоқаев мырза, дат!

Блогерлер мен тәуелсіз журналистерге жан айқайын айтып, көмек сұрап жатқан Арыс қаласы тұрғынының өкпе-назын жеткіземін және Сізден тиісті шара қолдануыңызды сұраймын!

Алдымызда қара суық - күз келе жатыр. Меннен көмек сұрап отырған отбасында
98 жастағы қариясы мен жаңа туған сәбиі бар, олардың жағдайы күн суытса не болмақ?!
Мессенджер арқылы Әйгерім есімді сіңілім байланысқа шықты. Айтуынша жарылыстан ата - анасының үйі күреп тастайтындай қираған. Құрылыс жүргізуі тиіс құрылысшылар үйдің төбесін жабатын болса бәрібір құлап қалатынын айтып, бас тартып кетіп қалған көрінеді. Мердігер компания да қол ұшын беруге асығар емес, тіпті "қайда барсаң онда бар" деп, үй иесіне сес көрсеткен екен.

Мемлекеттен, бүкіл Қазақстанның азаматтарынан бөлініп жатқан қаражат қайда?! Әлде құрылысқа жауапты пысықайлар осындай жолмен "үнемдеуге" кірісті ме?! Облыс Әкімі айға бата жасап отыр ма?! Қалпына келтіру жұмыстарын жедел қолға алғандары қайда?! Неге тұрғындар шағымданып, шырылдап жатыр?!

Құрметті Президент! Онсыз да алапат жарылыс пен дүлей қорқынышты басынан өткерген халықтың жан-жарасын одан сайын ауыртпай, қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетсін деп тапсырма беруіңізді және құрылыс жұмыстарының сапалы атқарылуын тікелей өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймыз.

Кенжегүл Тергембаеваның facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5399