Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2460 0 пікір 14 Шілде, 2011 сағат 14:53

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен «Шелл» концерні «Корпоративтік PR құралдары» тақырыбында семинар өткізді

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы   (бұдан әрі  - ҚМГ ҰК) мен «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.» (бұдан әрі  - ШКД) Астанада «Корпоративтік PR құралдары» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Семинарға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, сонымен қатар  ҚМГ ҰК  еншілес кәсіпорындарының баспасөз қызметі және PR-департаменттерінің жетекшілері мен мамандары қатысты.

Shell Upstream International-дың қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті Ник Вуд (Nick Wood) семинарға қатысушыларды «Шелл» концернінің беделді басқару жөніндегі жұмыстарының стратегиялық жолдары және негізгі принциптерімен таныстырды.

Ник Вуд «Шелл» концерні қоғаммен байланыс бөлімшесі қызметінің негізгі мақсаты қызығушылық танытатын тараптарды нәтижелі түрде хабарландырып отыру және олармен өзара тығыз байланыс орнату,  айрықша бренд, сонымен бірге компанияның дұрыс беделін қалыптастыру болып табылатындығын ерекше атап өтті.

-  Қоғаммен байланыс ұйымы «Шелл» концернінің корпоративтік беделі мен брендіне жауап береді, сондықтан біз техникалық жағынан да, идеялық жағынан да , PR-құралдарының ең алдыңғы қатарлы түрлерін енгізуге баса назар аударамыз,- деп атап көрсетті Ник Вуд.

«Аспандау» Ғылыми білім беру қорының президенті Қанат Нұров «PR -корпорацияның маркетингтік стратегиясының саяси құралы ретінде» деген тақырыпта баяндама жасады.

Семинарды қорытындылай келе оған қатысушылар корпоративтік PR-ды басқару саласындағы білімді бір жүйеге келтіруге, жетекші халықаралық компанияларда қолданылып жүрген қазіргі заманғы технологияларды талдауға, сонымен қатар PR-технологияның бизнесті стратегиялық жағынан дамытудағы және компанияның капиталдануын арттыруға  мүмкіндік беретін құрал ретіндегі осы шараның тәжірибелік маңызын атап өтті.

Семинарға қатысқан спикерлер туралы анықтама:

Ник Вуд, Shell Upstream International-дың қоғаммен байланыс жөніндегі Вице-президенті.

Ник Вуд «Шелл» концернінің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінде Нигерия, Қытай, Қазақстан, Бруней және Оман елдерінде 20 жылдан астам қызмет еткен. 2007 жылы осы қызметке орналасқаннан бұрын Ник мырза Қытайда қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің директоры болып 7 жыл қызмет атқарған. Онда әлеуметтік және табиғат қорғау саласындағы маңызды мәселелермен, сондай-ақ көші-қон мәселесімен де айналысқан. «Шелл-ге» қызметке келмес бұрын Ник Ұлыбритания және Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша маманданған журналист болған.

Нұров Қанат, «Аспандау» Ғылыми білім беру қорының Президенті

Әр жылдар бойы Алматы Менеджмент Мектебінде, ҚР Экономика министрлігінің кәсіпкерлікті қолдау Қорында,  Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Қазақстан фермерлерінің Ассоциациясында, «Deloitte&Touche» Халықаралық аудиторлық-консалтинг компаниясында, «Қазақтелеком» АҚ Вице-президенті-Бас қаржы директоры, «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

Қазір «Аспандау» Ғылыми білім беру қорының Президенті. Көптеген кітаптардың авторы, олардың арасында «Қазақстанның  дәстүрлі құрылымын заңдық және экономикалық жағынан жаңарту», Қазақстан Республикасындағы білімді жетілдіру  саясаты «Ақпараттық қоғамдастық - 2030», «Қазақстан: Ұлттық идея және дәстүрлер» деп аталатын туындылары бар..

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534