Сенбі, 23 Қараша 2024
2893 2 пікір 5 Тамыз, 2019 сағат 12:01

"ОВД-Инфо": Мәскеуде 3 тамыздағы акцияда мыңнан астам адам ұсталды

АҚШ пен Еуропалық одақ Мәскеуде 3 тамызда рұқсат етілмеген акцияға қатысушыларды күшпен таратылуын айыптады.

"Ресей билігі азаматтардың пікір білдіру құқықтарын шектеп отыр" делінген АҚШ-тың Мәскеудегі елшілі таратқан мәлімдемеде.

ЕО сыртқы істер мекемесінің өкілі Майя Коцьянчичтің мәлімдеуінше, ЕО Ресейден акцияда ұсталған 600 адамның тез арада босатылуын талап етеді. Швеция СІМ басшысы Маргот Вальстрём Ресей билігін тәуелсіз кандидаттарды сайлауға қатыстыруға шақырған..

Акция барысында 600 адам ұсталғанын Ресей ІІМ хабарлаған. "ОВД-Инфо" сайтының мәліметі бойынша, митингте 1001 адам ұсталған. Бұның алдында бұл сайт 828 адам ұсталғанын хабарлаған. Олардың көбісі бостандыққа шыққан. Жексенбі күні таңертең полиция бөлімшелерінде 19 адам қалған.

Бес адам ауруханаға түскені хабарланды.

Мәскеуде наразылық акциясы тәуелсіз кандидаттарды Мәскеу қалалық думасын сайлауға қатыстырмай қойған соң басталды. Мәскеу орталығында ең ірі наразылық акциясы 27 шілдеде өтті. Сол кезде 1300 адам ұсталған еді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404