Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 10010 3 пікір 5 Тамыз, 2019 сағат 14:40

Тасаттық беру

«Салт-дәстүр сөйлейді» кітабынан:

Нұх пайғамбар үш баласын дүниенің үш тарабына жібереді. Үлкен баласы Самнан барша ақ нәсілділер тарайды. Ортаншысы Хамнан қара нәсілділер өрбіді. Кіші ұлы Жаппастан түркі нәсілі тарады. Оның иелігіне күншығысты берді. Нұх пайғамбар оны аттандырып тұрып:

-Ұлым, мына тұмарды мойныңа тағып ал. Мұнда қасиетті дұға жазылған. Алда-жалда бір қиындыққа тап болсаң, осы дұғаны оқырсың, – деп шақпақ тасқа жіп өткізіп, ұлының мойнына тағады. Жаппас шығысқа қарай сапар шегіп, ұзақ жол жүреді. Көп жүріп, қалың қарағайлы бір тауға жетеді. Сол арада кенет аспан күркіреп, жер-дүниені қалтыратып жібереді. Әлемді қара түнек қаптайды. Әлден уақытта бір алаулы ұшқын тауға түседі. Қарағайлар лаулап жана бастайды. Жаппас әкесі жазып берген тас бойтұмардағы дұғаны оқиды. Сол сәтте көктен нөсерлетіп жаңбыр құяды. Өрт өшіп, күн ашылады. Жаппас сол сапарда Түркістан өңіріне жетеді. Сонда тыныстап отырып, шақпақ тасты Қаратаудың баурайына қояды. Осында отау құрып, ұрпақ өсіреді. Дүниеден өтерінде балаларына:

– Егер қуаңшылық болып, көктен тамшы тамбаса, тауға барып, дұға оқыңдар. Семіз малдан құрбандық шалыңдар. Сонда жаңбыр жауып, егіндеріңнің шығымы жақсы болады, – дейді. Содан бастап бұл тас «жады тасы» деп аталады. Құрғақшылық болған кезде адамдар сол тасқа барып, ондағы жазылған дұғаны оқиды екен. Кейін бұл дәстүр тасаттық беру салтына ұласып кетеді. Адамдар бұлақтың, өзеннің бастауына барып, құрбандық шалып, Алладан жаңбыр тілейді. Осы сәтте айтылатын тілек қазақ арасында «күн жайлату» деген атпен белгілі болған.

Айшуақ Дәрменұлының  facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401