Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 6517 8 пікір 6 Тамыз, 2019 сағат 14:01

Сәрсенбаевты өлтірген қылмыскер мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін

Кеше Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты саясаткер Алтынбек Сарсенбаевты өлтірді деп айыпталған Виталий Мирошниковтың түрме жазасын шартты жазаға ауыстыру туралы өтінішті қарастырды.

Zona.kz сайтының мәлімдеуінше, құқық қорғаушы Маржан Аспандиярова мен Алтынбек Сарсенбаевтың ағасы Рысбек Сәрсенбай судья Жанат Жылқыбаеваны сотқа беру туралы өтініш берген. Алайда олардың өтініші қабылданбапты.

Ал, Мирошников сот отырысына видеоролик арқылы қатысқан. Бірақ, М.Аспандиярова видеоның дыбыс сапасы нашар болғандықтан оның сот залына жеткізілуін талап еткен.

Өз кезегінде Р.Сәрсенбай аталған сот отырысы басталуға екі сағат қалғанда ғана білгеніне наразы болды. Ал жәбірленушілердің қалған туыстарына бұл туралы мүлде хабарланбаған.

Айта кетейік, 2006 жылдың 11 ақпанында 11 сағат 40 минутта Алматы облысы, Талғар ауданы “Көктөбе” кенті мен “12 бригада”  ауылдарының арасында саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы  мен оның екі көмекшісінің мәйіттері табылды.

Аталған қылмысқа тапсырыс берді деп айыпталған Ержан Өтембаев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, 2014 жылы Өтембаевқа қатысты үкім қайта қаралып, жаза 13 жылға дейін азайтылды. Алайда, 2018 жылы Е.Өтембаев қайтыс болды.

Ал, кісі өліміне кінәлі деп танылған Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілді. Алайда, Қазақстанда  өлім жазасын қолдануға мораторий жарияланғандықтан, Ибрагимовқа кесілген үкім орындалмады.

Сонымен қатар, тағы бір  айыпты Мирошников 20 жылға сотталған болатын. Бірақ, қазір оны мерзімінен  бұрын бостау туралы өтініш қарастырылып жатыр.

Одан бөлек, аталған қылмыстық іс бойынша ҰҚК «Арыстан» арнайы жасағының жауынгерлері мен басқа айыпталушылар ұзақ мерзімге сотталғаны айтылған.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408