Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5142 9 пікір 8 Тамыз, 2019 сағат 12:16

Бізге демократия керек, бірақ...

Негізі біздің қоғам әлі дамуы керек. Мысалы, қарапайым нәрсе Қытайдан бір қандасымыз келіп мәселені көтеріп еді халық 3-4 ке бөлініп кетті. Тағы бір түрік бауырымыз келіп екінші мәселені көтеріп еді халық 2-3 ке бөлініп кетті. Ертең Қайрат Нұртас бір сөз айтса 5-6 ға бөліне салады.

Егер мен Түркияның президенті болсам әрі Қазақстан билігінен ала алмай жүрген стратегиялық кен орны не осы елде басқа мүддем болса Стамбулға ертеде көшіп келген бір қазақты вербовать етіп "Қазақтың арасына бар да пәлен деген тақырыптарды көтер. Халқын жіктеп үкіметіне қарсы айдап сал. Маған қалпақпен ұрып алатын Қазақстандағы әлсіз билік қажет" деуші едім. Құдай ақы осылай жасаушы едім.

Бізге демократия керек. Бірақ, өлетін нүктемізге келгенде тоқтауды білетін, елдің саяси санасы өскенге дейін ақырындап, кезең-кезеңімен жасау қажет. Дәл қазір классикалық демократияны қазаққа беру маймылдың қолына автомат пен гранатаны ұстатумен тең. Ертең-ақ бір-бірімізді өртеп жібереміз. Шындық осы.

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437