Сенбі, 23 Қараша 2024
Әттең... 5372 4 пікір 8 Тамыз, 2019 сағат 10:30

Кітап құрастырушылар, Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі қайда?!

ЕҰУ Ғылыми Кеңесі немесе патриоттық тәрбие, "Желтоқсан 86"

Қалалық әкімшілікте "Қазақстандық патриотизм: тарихы мен бүгіні" атты кітап қолыма түсті.

ЕҰУ-нің Ғылыми Кеңесінің ұсынысымен шыққан бұл кітапқа 10 ғасырдан басталған тарихи даталар мен тұлғалар енгізілген екен. Көп дүние қамтылған.

414 беттен тұратын бұл кітаптың бергі тарихымызға қатысты жеріне көз жүгірткенімде, 1979 жылғы 16-19 маусым Целиноградтағы Неміс автономиясын құру саясатына қарсы ереуілдерден кейін, бірден, 1992 жылға Целиноградтың атын Ақмолаға ауыстырылуымен жалғасыпты.
Stop.

Айналайын, ғалымдар, тарихшылар мен кітап құрастырушылары:
Дүниені дүр сілкіндірген, қорланып қалған халық наразылығының жанартаудай атылған, Алматыда Алаңға шыққан студент, жұмысшы жастар - 1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі қайда?!...

Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) мен Желтоқсанның - ҚР Демократияның жаңару күніне жеткізбей (17желтоқсан), 10 желтоқсаннан студент жастарды ауылдарына мәжбүрлі түрде қайтаруды әдетке айналдырғандарыңыздан қандай патриоттық тәрбие көруге болады?

Кешіріңіздер, кітаптың аты да "Қазақстандық патриотизм: тарихы мен бүгіні" екен ғой, бір сөзбен, "Патриотизм в Казахстане: история и современность"

Құрманғазы Рахметов 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435