Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1957 0 пікір 19 Маусым, 2009 сағат 06:30

Қырғызстанда президенттікке кандидаттарды тіркеу ресми аяқталды, сайлау алды үгіт-насихат басталды

Алматы. 18 маусым. ҚазТАГ – Қырғызстанда республика президенттігіне кандидаттарды тіркеу ресми аяқталды. Бұл туралы Бішкекте баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Дамир Лисовский мәлім етті, деп хабарлайды «Ферғана.ру» «24.kg» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Лисовскийдің айтуынша, 18 маусымда тіркелген кандидаттардың сайлау алды үгіт-насихаты басталады.

«Мемлекет басшысының сайлауына қатысуға ниет танытқандардың саны 22 адам болған. Алтауы өз өтініштерін қайтарып алса, он адамды тіркеуден бас тартылды. Бүгінгі күні алты кандидат тіркелді – қазіргі президент Құрманбек Бәкиев, Женішбек Назаралиев, Темір Сәриев, Алмазбек Атамбаев, Тоқтайым Үметәлиева және Нұрлан Мотуев. Олар барлық талаптарды орындады», - деп хабарлады Қырғызстан ОСК басшысы.

Қырғызстан президентінің сайлауында дауыс беру құқығына ие сайлаушылардың жалпы саны 2 миллион 700 мың адамды құрайды. Республика сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, дауыс беру құқығына ие 102 мың қырғызстандық шетелде тұрып жатыр. Олар үшін әлемнің 23 мемлекетінде 51 сайлау учаскесі ашылады. Учаскелердің ең көп саны Ресейде – 21 және Қазақстанда – 5.

Лисовскийдің айтуынша, Қырғызстан президентінің сайлауына мониторинг жүргізу үшін елге мыңға жуық халықаралық бақылаушы келеді. Президенттік сайлауды өткізуге 153 миллион сом ($4 млн.) бөлінді.

Қырғызстанда мемлекет басшысының сайлауы өтуі тиіс мерзімнен бір жыл бұрын өткелі тұр. Бұл елде президенттік өкілеттіктің мерзімі - бес жыл. Құрманбек Бәкиев бұл қызметке 2005 жылы жазда сайланған болатын. Алайда көктемде республиканың конституциялық соты Социал-демократиялық партияның өкілі, парламент депутатының жеке сауалын қарап, сайлауды биыл өткізу туралы шешім қабылдады.

Сайлау барысында негізгі күрес Құрманбек Бәкиев пен Алмазбек Атамбаевтың арасында жүреді деп болжанып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583