Сенбі, 23 Қараша 2024
3514 5 пікір 8 Тамыз, 2019 сағат 13:44

Зеленский Путиннен жікшілдермен сөйлесуін сұрады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге қоңырау шалып, одан Донбасстағы жікшілдермен сөйлесуін өтінген.

Бұл туралы Зеленский Украина әскерилерімен өткен жиналыстан кейін мәлімдеді. Бұл жиынды Зеленский елдің шығысындағы жағдай ушыққан сәтте өткізді. 6 тамызда сепаратистер қолынан украиналық төрт әскери мерт болды.

«Таңертең Путинмен сөйлестім, украиналық әскерилердің өлімі екі елді бейбітшілікке жақындатпайтын айттым. Путиннен сепаратистермен сөйлесіп, оларға біздің адамдарды өлтіруді тоқтатуды ескертуін сұрадым» деді Зеленский. Украина президентінің сөзін «РБК Украина» сайты жариялады.

21 маусымда Украина шығысында кезекті рет бітім жарияланған. Бірақ екі тарап бір-бірін бітім шарттарын бұзды деп айыптайды. Украина шығысындағы жағдайдың қиындауына байланысты Зеленский Түркияға сапарын кейінге шегеруі мүмкін. Ол Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Ангела Меркельмен Донбасс келіссөзін талқылайтынын хабарлады.

Кремль Зеленский мен Путиннің телефонмен сөйлескеніне жайлы мәлімдеме жасаған жоқ.

Украина шығысындағы қақтығыстан 2014 жылдан бері 13 мың адам мерт болды. Украинаның Донецк және Луганск аймағын Ресей қолдайтын сепаратистер бақылауда ұстап отыр.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478