Бас прокуратура күмәнді мәмілелер жасағаны үшін ЖЗҚ жауапкершілігін күшейтуді ұсынады
Қазақстанның Бас прокуратурасы салышылардың мүдделеріне жауап беретін күмәнді мәмілелер жасағаны үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының жауапкершілігіг күшейтуді ұсынады.
«Азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында және жеті миллион салымшының мүдделерін қорғау үшін Үкіметке зейнетақылық заңнаманы жетілдіру және салымшылардың мүдделеріне сай келмейтін келісімдер жасаған жағдайда зейнетақы қорларының жауапкершілігін күшейту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды, - алқа отырысының қорытындылары бойынша таратылған баспасөз баянында айтылғн.
Хабарламада көрсетілгендей, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі жұмыс бұрынғыдай басым бағыттардың бірі болып қалып отыр. Прокурорлық ықпал ету шараларымен республика көлемінде жалпы сомасы 2,2 млрд. теңге жалақы қарыздары өтелді.
Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Бас Прокурор ұйымдасқан қылмыспен, экстремизм және терроризммен, сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күрестегі прокуратура органдарының үйлестірушілік рөлін күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Азаматтардың, кәсіпкерлік өкілдерінің, үлескерлік құрылысқа қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
АСТАНА, 15 шіл - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz