Дүйсенбі, 11 Мамыр 2026
4351 11 пікір 9 Тамыз, 2019 сағат 17:09

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми іссапармен Қытайға барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте Қытайға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевті қабылдады. Дәл осы кездесуде мемлекет басшысының Бейжіңге сапары жайлы сөз болды.

Шахрат Нұрышев Мемлекет басшысына оның биылғы 11-12 қыркүйекке жоспарланған Қытайға сапарына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді.
Президент Бейжіңде өтетін алдағы келіссөздердің маңыздылығын атап өтіп, елшіге бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2483
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1754