Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1944 0 пікір 19 Маусым, 2009 сағат 06:31

«Набукко» бойынша келісімге қол қою кешігіп жатыр

Баку. 18 маусым. ҚазТАГ – «Набукко» газ құбыры бойынша үкіметаралық келісімге қол қою кешігіп жатыр. Бұл туралы бейсенбі күні Trend Capital АА хабарлады

Бұған дейін келісімге қол қою 25 маусымда өтетіні хабарланған болатын. Алайда Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз мәлімдегендей, құжатқа шілде айында қол қойылады.

Жоба бойынша үкіметаралық келісімге қол қою кешігіп жатқаны туралы бұған дейін Венгрияның «Набуккодағы» арнайы өкілі Михай Байер де айтқан болатын. Алайда ол ештеңеге қарамастан, құжатқа 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында қол қойылады деп сендірген еді.

«Жоба бойынша консорциум әзірге келісімге қол қоюдың мерзімін атамай отыр. Trend Capital агенттігіне бейсенбі күні OMV компаниясындағы ресми дереккөз хабарлағандай, келісімге қол қойылатын нақты мерзім белгісіз, ал «оны шілденің басына Түркия ауыстырды … келісімге «Набукко» жобасына қатысушы мемлекеттердің министрлері қол қояды», - деп хабарлайды ақпарат агенттігі.

Келісімге қол қойылғаннан кейін құбырды толтыруға өтініштерді қабылдау басталады.

Құны 7,9 млрд еуро болатын «Набукко» жобасы мұнайды Каспий аймағынан ЕО елдеріне жеткізуді қарастырады. Жобаның қатысушылары - аустриялық OMV, венгрлік MOL, болгариялық Bulgargaz, румыниялық Transgaz, түркиялық Botas және немістің RWE. Қатысушылардың әрқайсысы  16,67 пайыздан тең үлеске ие.

Газ құбырының құрылысын 2011 жылы бастау көзделген, алғашқы жеткізілімдер 2014 жылы жүзеге асырылады. Құбырдың бар қуаты жылына 31 млрд т. м. газды құрайды. Қазір жоба егжей-тегжей инжиниринг кезеңінде.

Газ құбыры құрылысының 30% акционерлердің, 70% несиелік ресурстар есебінен қаржыландыру жоспарланған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584