Жексенбі, 24 Қараша 2024
2213 0 пікір 17 Шілде, 2019 сағат 12:10

Елбасы Жолдауына сай экономикалық жобалар қолдау табуда

Әрбір азамат шынайы еңбекқор болса, өзінің кәсібін жақсы меңгерсе ғана жоғары жалақы алып немесе жеке кәсіп бастап жеке табысын арттыра алады. Бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің сөзі. Елбасының айтуынша, әрбір қазақстандық жақсы кәсіп істеу, табысты өмір сүруге талпынуы керек.

Елбасы қазақстандықтардың жақсы өмір сүруі үшін көп еңбек етті. Еліміз егемендік алған сол күннен бастап, Қазақстан азаматтарының тұрмыс өресін жоғарлату үшін көп құлшыныс жасады.

Бәріміз білетіндей, Елбасы әр жылы Қазақстан халқына арнап Жолдау жолдайды. Онда ел халқының табысын арттыру, тұрмыс өресін жоғарлату, білім-мәдениет өресін көтеру бағытында жасалуы тиіс істерге нұсқау беріп, тапсырма жүйкейді.

Осындай аса маңызды Жолдаулардың бірін Елбасы өткен жылы бесінші қазан күнді жариялады. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Жолдауда Елбасы билік органдарындағы барша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар бере отырып, ел экономикасын жалғасты көтеруге шақырды.

Аталған Жолдаудың 1-ші тарауы "Халық табысының өсуі" деп аталады. Осы бөлімде Елбасы Қазақстан халқын еңбекқор болуға шақырады. Әрбір азамат тырысып еңбек етіп, Үкімет пен халық бірлесе әрекет еткенде ғана Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз дейді.

Елбасының айтуынша, халық тұрмысының жақсаруының ең маңызды бағыттарының бірі бизнесті дамыту. Шақын және орта бизнесті дамытып, жеке кәсіпкерлікті қолдау мемлекет құлшыныс танытып отыр. Ендеше азаматтар қорықпай жеке жұмысын ісеуге тиіс.

"Бизнесті өркендетудің тұрaқты көздерін қaлыптaстырып, жеке инвестицияны ынтaлaндыру және нaрық еркіндігін қолдaу керек. Дәл осы бизнес aрқылы жaңa жұмыс орындaры aшылып, қaзaқстaндықтaрдың бaсым бөлігі тaбыспен қaмтaмaсыз етіледі" , - дейді Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

Сонымен қатар, 2010 жылы қабылданған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырды. Әрі аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын бюджеттен қосымша отыз миллиард теңге бөлуді қарастыру керек екенін айтты. Осылай істегенде үш жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және үш триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік беретін айтты Елбасы.

Елбасы ұсынған осы бағдарлама аясында Ақтөбе облысында биыл өнім өндіру және қайта өңдеу саласы бойынша жоба ұсынатындардың саны көрнекті артқаны хабарланды. Ақпаратқа сүйенсек, биыл «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын іске асыруға өңірде 1 970 млн теңге қаражат бөлінген екен. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 127 жоба қолдау тауып отыр. Бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 48 пайызға жоғары көрсеткіс саналады.

«Біз кәсіпкерлерге кез-келген жaғдaйдa көмек береміз. Өңірдің ерекшеліктеріне бaйлaнысты бізде ең көп қолдaуғa ие болaтындaр өнім өндіру және қaйтa өңдеу сaлaсы. Себебі ол бaғдaрлaмaдa бaсты сектор ретінде aйқындaлғaн. Көбіне құрылыс мaтериaлдaрын өндіретін компaниялaр, тaмaқ өнеркәсібі, күнделікті тұтынaтын зaттaр және жиһaздaр шығaрaтын орындaрғa қолдaу жоғaры. Содaн кейін өңірімізде мұнaй орындaры мен үлкен жолдaрының орнaлaсуынa бaйлaнысты көлік тaсымaлы, жүктерді сaқтaу сaлaлaры бойыншa кәсіп aшқысы келетіндер көп», - дейді «Даму» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Берік Нұрғалиев.

Дәл осындай игі шаралардың бірі ретінде «Жас кәсіпкер» жобасын ілгерілету бағытында жүріп жатқан жұмыстарды айтуға болады. Айта кетейік, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің бастамасымен қолға алынған іскер жастарға арналған жаңа оқу жобасы. Бәріміз білетіндей бұл жоба бойынша, кәсіпкерлер палатасы өз кәсібін ашып, табысты болғысы келетін  әрбір жасқа қолдау көрсетуді мақсат етеді.

Біз сөз етіп отырға «Жас кәсіпкер» бағдарламасының өзі Елбасының жастарға деген үлкен қолдауын білдіреді. Ерекше айта кетерлігі, бұл жобаға тек 18-29 жас аралығындағы азаматтар қатысып, бизнестен өз бағын сынап көреді. 2019 жыл "Жастар жылы" деп жарияланғанын білеміз. Осы жылы «Жас кәсіпкер» бағдарламасы  аясында да үлкен істер атқарылатын болады. Ал «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы әрбір қазақстандық азаматтың табысты болуы үшін алғы шарт болмақ...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550