Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2066 0 пікір 19 Маусым, 2009 сағат 06:32

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында құм дауыл оннан аса ғимараттың шатырларын жұлып әкетті, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Алматы. 19 маусым. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында болған құм дауыл үлкен залал тигізді, деп хабарлайды ТЖМ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысының Индер елді мекенінде шығыстан соққан желдің күші секундына 20-25, кей жерлерде 30 метрге дейін жеткен.

Осының салдарынан 5 қабатты үш үйдің, құрылыс бөлімінің 4 қабатты әкімшілік ғимаратының, 16 жеке меншік тұрғын үйдің шатырларын жел жұлып әкетті. Электр желілері мен телефон сымдары да бүлінді.

18 маусымда 20 сағат 50 минутқа қарай электрмен қамту және телефон байланысы толығымен қалпына келтірілді. Адамдар ғимараттардың шатырларын өздері қалпына келтіріп жатыр.

Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданының ауылдарында желдің күші секундына 22-30 метрге жеткен.

«Дауыл жел Қазталдағы мәдениет үйінің, АІІБ-нің, Қазтал ауылындағы Бірік ОМ спорт залының, Тереңкөл орта мектебінің, Тереңкөл ауылдық клубының, Тереңкөл ауылындағы әкімшілік ғимараттың, К. Меңдіғалиев атындағы Жалпақтал орта мектебінің, аурухананың, «Талап» АҚ дүкенінің, Жалпақтал ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдің, Құлақ ауылындағы үйдің шатырларын бүлдірген», - деп хабарлайды ТЖМ.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде де құм дауыл тұрады деп болжап отыр.

«Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде құм дауыл тұрып, желдің күші секундына  15-20 метрге жетеді», - деп атап көрсетілген ТЖМ сайтында жарық көрген хабарламада.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588