Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3574 5 пікір 12 Тамыз, 2019 сағат 14:59

Осылай негізгі мәселе ұмытылады...

Грек мифологиясында бір аңыз бар. Қысқаша мәтіні былай: Ясон деген бір жігітке жерге егін ек деп алдап айдахардың тісін береді. Әлгі жігіт кең жерді аударып еккенде орнына егіс емес үлкен әскерлер өсіп шығады. Алданған жігіт "Мұны қалай жеңемін" деп басы қатқанда "Олармен соғысып әуре болма. Әскердің дәл ортасына үлкен тасты апарып тастап жібер. Тастың түскен жерінен бір-екі әскер өледі. Қалған әскер тасты лақтырған осы деп бір бірінен күдіктеніп өзара соғысады. Әбден қалжыраған кезде бәрін жайратып саласың" дейді.

Сол айтпақшы біздің қоғамға да түрлі тақырыптар, сол тақырыптарды көтеретін кейіпкерлер жиі-жиі шығып тұрады. Халық басты тақырыптардан ауытқып ұсақ-түйекті талқылап, жік-жікке бөлініп өзара дауласып қырқысады. Бұған табиғатынан бөлінуге дайын тұратын менталитет отқа май құйғандай ықпал етеді. Қоғам әбден шаршап, не бір нақты нәтижеге жете алмай қалжырап барып буы шығады. Осылай әу бастағы негізгі мәселе де ұмытылады. Осыны халқының мінез-құлқын жақсы білетіндер біздің елде әдемі қолданады. Тамаша жұмыс істейді. Көп ойланудың да қажеті жоқ. Өзі бір бастасаң іліп әкететін 5-6 тақырып бар. Әр түрлі форматта осы тақырыптар жиі-жиі көтеріледі...

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496