Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5970 10 пікір 15 Тамыз, 2019 сағат 14:21

Халық банктің қызмет көрсетуі - 0!

Осыдан үш күн бұрын бейтаныс нөмір телефоныма қоңырау шалды. Өзін "Халық банк" қызметкерімін деп таныстырған ол "Таяу арада біздің банкте болған екенсіз, қызмет көрсетуді "1" деп бағалапсыз, себебін білуге бола ма?"- деді. Алғашында бағалағаныма назар аударып хабарласқанына ішім жылып қалды. Себебін түсіндірдім, сіздерге де түсіндірейін.

Айлық түскенде алақайлап банкоматқа баратындардың қатарынанбыз. Карточкамды салып қажет санды теріп алақанды ысқылап тұрғам. Құдай-ау санап жатыр, санап жатыр.... Бір кезде "Ақшаңызды банкоматта ұмыттыңыз" деп карточкамды қайтарып берді. Қайта салсам, «бұл банкомат уақытша жұмыс істемейді",-деді. Келесі банкоматқа барсам жүз мың теңге алынғанын көрсетеді. Банкке хабарлассам жақын жердегі банкке барып арыз жазыңыз деді. Жақын деп Гагарин-Өтепов (Алматы) қиылысындағы банкке барсам ол жерде менеджер жоқ екен. Содан кейін Розыбакиев-Сәтбаевқа (Алматы) бардым. Қарсы алған қызға жағдайды түсіндіріп ем талон алып берді. 20-30 минуттан соң талондағы нөмірім бойынша мені видеокабинаға шақырды. Ғарыштап дамып кеткенімізге таңғалып видеокабинаға кіріп монитордағы қызметкермен құлаққап арқылы тілдесіп жағдайды түсіндіріп ем "менеджерге арыз жазыңыз" деді. Тағы күту... Сосын қарсы алған қызға айттым мені неге бірден менеджерге жібермейсіз бір парақ арызды жазғыза алмаса бейнекабина кімге керек? Біздің қоғамда бәрі жасанды сияқты...

Сонымен не керек арызды жаздым. Арызда ақшаның түскен түспегенін интернет почтама жіберіңіз деп көрсеттім. "Ақшаңыз оншақты күннің ішінде түседі хабарламаны интернет почтаңызға жібермейміз өзіңіз тексеріп тұрасыз" деді менеджер. Шықсам телефоныма халық банкінен хабарлама келіп тұр: "Біздің банктің көрсеткен қызметін 1-5 аралығында бағалаңыз" деген. Әрине, 1 қойдым. Нөл деген сан болса оны да қояр едім. Бірдің себебі осы.

Айтпақшы, күнде барып тексеріп қоямын, ақша әлі түскен жоқ....

Жаңыл Мәмежанқызының facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527