Сенбі, 23 Қараша 2024
3042 2 пікір 20 Тамыз, 2019 сағат 10:17

Мәжіліс депутаттары мемлекеттік әлеуметтік саланы қолдау шараларын назарға алды

Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ерте балаларды оңалту орталығына барып, ондағы еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Мәжілістің негізгі заң шығарушылық қызметі, мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы жайы баяндалып, міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысты мәселелер көтерілді.

Іс-шараға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен қалалық мәслихат депутаттары, партияның қалалық филиалының өкілдері және т.б. қатысты.

Ұйым қызметкерлері өз тарапынан денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер, қоғамдық көлік мәселесі, баспанамен қамтамасыз ету және жалақы мәселесіне қатысты сауалдарын қойды.

- Жұмыс сапары аясында біз Балаларды ерте оңалту орталығына келдік. Бұл оңалту орталығы балаларымызға өте қажет. Алматының өзінде осындай төрт орталық бар. Сұрақтарды «Nur Otan» партиясымен бірлесе қарастырып, орталық аппаратқа жолдаймыз және Мәжілісте, үкімет аясында көтереміз. Орталықта 65 бала бар, жағдайлары жақсы. Міндетті түрде тек қана қалада емес, аймақтарға да барып жүрміз. Сайлаушыларға барған кезде түрлі сұрақтар туындайды. Әсіресе, әлеуметтік төлемдер, жер, баспана мәселесі көтеріледі. Былтыр денсаулық саласында жалақы 30 %-ға көтерілді. Енді мұғалімдерге жағдай жасалып жатыр. Олардың жалақысы 4 жылдың ішінде екі есеге көтерілетін болады, - деп атап өтті З. Бәлиева.

Сондай-ақ, кездесуде балалардың кешенді көмек алуға мүмкіндігі болуы үшін осындай орталықтардың көпсалалық бағытқа ауысуы қажет екендігі аталып өтілді.

Кездесу соңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Бисенбаева және орталық директоры Н. Төлекова ұжым атынан З.Бәлиеваға орталыққа келіп, әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларындағы реформаларды түсіндіргені үшін алғысын білдірді.

Айта кету керек, орталық 75 балаға арналған. Балалар 15 күннен ем алып, оған 3-тен 7 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Орталықта медициналық қызметкерлерден басқа балалармен ұстаздар, логопедтер мен психологтар жұмыс істейді.  Сонымен қатар, орталықта арнайы сенсорлы бөлмеде сөйлеу қабілеті төмен балаларға жеке және топтық сабақтар ұйымдастырылады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485