Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4725 3 пікір 21 Тамыз, 2019 сағат 12:45

Түркия мен Өзбекстанда ең қадірлі мамандық - дәрігер

Кеше бір дəрігермен таныстым. "Жалақымыз аз. Кеше бір жұмыс көрдім. Автобус жуасың. Күніне бес мың теңге төлейді. Отыз күн жусаң, жүз елу мың теңге табасың. Сол жұмысқа аусып кетейін бе деп ойладым. Шарасыздық" дейді.

Түркияда ең қадірлі мамандық дəрігер. Өзбекстанда да ең қадірлі мамандық. Олар дəрігерге құрметпен қарайды.
РУДН-де медицина факультетінде өзбектің жастары көп оқиды. Байдың балалары көбісі. Мəскеудің басқа да медицина университеттерінде өзбектер көп оқиды.

Жатақханада бірге тұрған ауған құрбым да медицина факультетінде оқыды. "Бізде дəрігер болу үлкен бедел" дейтін. Құрбым оқудан шығып кетті. Оның медицина саласында оқитын құрбысы өзбек қыз еді. Ол да оқудан шығып кетті.

Ауған құрбұм екеуміз бір күні РУДН-нің ауласындағы кафеде отыр едік. Қасымызға амандасып, өзбек жігіт келді. Ол жігіт ауған құрбыммен бір топта оқып, оқудан шығып кетіпті. Сол өзбек жігіттің айтқан бір сөзі есімде. "Қазақтарды оқудан көп шығармайды. Ресейдің қазақтарға деген көзқарасы жақсы. Тобымызда бір қазақ жігіт бар. Оның да оқу үлгерімі менімен бірдей. Оны бірақ оқудан шығармады". Рас, өтірігін білмеймін, солай деді. "Қазақтар білімді" деп мен қосып қойдым. Негізі Мəскеуде тұратын қазақ ретінде анық айта алам, онда қазақтарға деген көзқарас жақсы. "Қазақтар - білімді халық" деген сөзді орыстың профессорларынан, басқа да адамдардан талай естігем.

Өзбек жігіт "Бізде байлар балаларын дəрігер еткісі келеді. Менің əкем бақуатты, беделді адам. "Дəрігер болмаймын" деген қарсылығыма қарамай медицина факультетіне түсірді. Біздегі менталитет бойынша дəрігерсің бе, авторитетсің. Сол үшін өз еркімен дəрігер болғысы келетін жастар көп" деді.
Дəрігер болғысы келмейтін баланы қинаудың қажеті жоқ. Бірақ бізде дəрігер болу соншалықты бедел емес... бұл аса қадірлі мамандық емес...

Аягүл Мантайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475